» » » КӨШПЕЛІ КӨРМЕ ӨТТІ

КӨШПЕЛІ КӨРМЕ ӨТТІ


Аудандық тарихи-өлкетану музейінде «Түркістанның тұлғалары мен мұралары» тақырыбындағы көшпелі көрменің ашылу салтанаты өтті. Аталмыш шара Түркістан облысының құрылғанына 1 жыл толуына орай, Әбу Нәсір әл-Фарабидің 1150 жылдығы қарсаңында ұйымдастырылды.
         Көрменің ашылу салтанатында  Түркістан облысы «Руханият-Әбу Нәсір әл-Фараби» музейінің директоры Алмас Абдуллаұлы сөз сөйлеп, көрменің маңыздылығын түсіндірді. Көрмеге аталған музейдің жәдігерлері қойылды. Атап айтар болсақ, Шәмші Қалдаяқовтың мандолинасы, Өзбек Жәнібековтің көзілдірігі мен ұстаған кестелі орамалы, Майлықожа ақынның отбасы тұтынған ағаш табақ, Арыстанбаб мөрінің көшірмесі, ХІІ ғасырдағысазсырнай мен ХІХ ғасырдағы сыбызғы мен сырнай жәдігерлірі көпшілікке ұсынылды. 

         Көрме алдағы уақытта өзге аудандарда жалғасын табады.

Ақнұр САҒЫНТАЙ,
«Қармақшы таңы».
24 маусым 2019 ж. 1 541 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№81 (10549)

24 қазан 2026 ж.

№80 (10548)

20 қазан 2026 ж.

№79 (10547)

16 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 147
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 344

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031