» » ​Сириядағы көне жәрмеңке қайта жаңғырды

​Сириядағы көне жәрмеңке қайта жаңғырды

Сириядағы жағдай біртіндеп тұрақтала бастады.
Ел астанасы Дамаскте халықаралық көрменің өтуі соған дәлел. Таяу Шығыста жанданған ең көне жәрмеңкелердің біріне ондаған елдің өкілі қатысты.
Дамаскте халықаралық сауда көрмесі ашылды. 1954 жылдан бері жұмыс істеп келген жәрмеңке елдегі дағдарысқа байланысты жұмысын доғарған еді. Алайда былтыр көрме қайта жанданды. Бүгінгі шараға 50-ден астам елдің өкілі қатысып отыр.
Бишр Аль Язижи, Сирия туризм министрі:
– 1700-ден аса сириялық компания қатысқан былтырғы шараның жалғасы – 2018 жылғы көрменің біз үшін маңызы зор. Бұл – Сирия халқының өмірге құлшынысы, бейбітшілікке сенімі. Көрменің жұмысы алуан түрлі салаға бағытталған: бұл – ауыл шаруашылығы, туризм, өнеркәсіп.
Халықаралық көрмені Сирия премьер-министрі Имад Хамиз ашты.
Джорджет Ризык, Сирия парламентінің депутаты:
– Халықаралық көрме бейбіт жағдайда жұмысын қайта бастағанына және оған көп қонақ келгеніне қуаныштымын. Былтыр осы уақытта лаңкестер Дамасктен 10 шақырым қашықтықтан қаланы зымырандармен атқылап жатқан еді. Енді өмір өзгерді.
Қазір шаһар тынышталған. Дегенмен көрмеде қауіпсіздік шаралары барынша күшейтілген. 
Сирия әскерінің капитаны:
– Мен отанымды лаңкестерден қорғап, төрт рет жараландым, бір аяғымнан айырылдым. Сирияның бүкіл аумағында бейбітшілік орнағанын тілеймін.
Көрменің ашылу салтанатында симфониялық оркестр мен жергілікті ұлттық ансамбль өнер көрсетті. Жиылған қауым көрмеге қатысушы елдердің бишілерінің биін де тамашалап, тәнті болды.
24.kz
11 қыркүйек 2018 ж. 1 868 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№6 (10374)

24 қаңтар 2025 ж.

№5 (10373)

21 қаңтар 2025 ж.

№4 (10372)

18 қаңтар 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 340
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031