» » » Германияда алғаш рет "Құнанбай" көркем фильмі көрсетіліп, "Абай" кітабының тұсаукесері өтті

Германияда алғаш рет "Құнанбай" көркем фильмі көрсетіліп, "Абай" кітабының тұсаукесері өтті

Қазақтың ұлы ақыны, ағартушысы және қазақ әдебиетінің классигі Абай Құнанбайұлының 175-жылдығына арналған іс-шаралар сериясының жалғасы ретінде Қазақстан Елшілігі Берлиндегі танымал «Zoo Palast» кинотеатрында «Құнанбай» тарихи кинодрамасының көрсетілімін ұйымдастырды.

Бірқатар сыйлықтарға ие болған фильмде Қазақстан мен қазақ халқын өз туындыларымен әлемге паш еткен хәкім Абайдың әкесі – Құнанбай Өскенбайұлының өмірі мен қызметі туралы баяндалады.

Фильмнің тұсаукесерінде Елші Дәурен Кәріпов «Қазақ кітапханасы» жобасы аясында Елшілік неміс баспаларымен бірлесе отырып басып шығарған ақынның неміс тіліндегі шығармалары мен өшпес мұрасы туралы айтып берді.

Сондай-ақ, кинокөрсетілім аясында жиналған неміс саясаткерлері мен сарапшыларына, қоғам қайраткерлеріне, журналистерге және Берлин тұрғындарына ү.ж. тамыз айында Германияда Қазақстанның Мәдениет және спорт министрлігі мен «Ұлттық аударма бюросы» Қоғамдық қоры жобасы аясында жарық көрген ақынның неміс тіліндегі «Абай» атты шығармаларының жаңа жинағы таныстырылды.

Іс-шара санитарлық-эпидемиологиялық талаптар мен әлеуметтік қашықтық нормаларын сақтай отырып өткізілді.



10 қазан 2020 ж. 1 512 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№33 (10501)

05 мамыр 2026 ж.

№32 (10500)

01 мамыр 2026 ж.

№31 (10499)

28 сәуір 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 043
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 645

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031