» » Римде қазақстандық фильмдердің көрсетілімі өтті

Римде қазақстандық фильмдердің көрсетілімі өтті

Қазақстанның елордасы Астана қаласының 20 жылдық мерейтойын атап өту шеңберінде Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ қолдауымен Қазақстанның Италиядағы елшілігі Рим қаласында «Жұлдыздар тоғысқанда», «Қазақ хандығы. Алмас қылыш» және «16 қыз» фильмдерінің көрсетілімін ұйымдастырды. Көрсетілім басталмас бұрын көрермен алдында сөз сөйлеген Елшілік өкілдері, Италияның мәдениет және өнер қайраткерлері Қазақстан мен Астана қаласы дамуының деңгейіне және отандық кинематография саласына жоғары баға берді. Италия тілінде субтитрлері бар фильмді тамашалаған көрермен халқымыздың тарихына зор қызығушылық білдірді. Айта кетсек, Римнің тарихи аудандарының бірінде орналасқан Casa del Cinema кинотеатрында бұл күні бос орын болмады. Жиналған өнер сүйер қауым отандық кинотуындаларды жақсы қабылдап, қазақ мәдениеті және өнерімен етене танысу туралы өз ойларын білдірді. Қазақ хандығының 550 жылдығына орай түсірілген «Қазақ хандығы» киносериалының кинонұсқасы – «Алмас қылыш» фильмі Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ең алғаш Астана қаласында көрсетілген болатын. Бұл ауқымды жобаның идея авторы – ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев. Фильмнің сценарийі Ілияс Есенберлиннің «Алмас қылыш» романы негізінде  жазылған.  «Елбасы жолы» киноэпопеясының жалғасы – режиссер Сергей Снежкин түсірген «Жұлдыздар тоғысқанда» фильмі Кеңес Одағының құлауы, жаңа тәуелсіз мемлекеттердің пайда болуы, оның ішінде Қазақстан Республикасы туралы баяндайды. Ағылшын жазушысы Джереми Вильсон Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өмірбаянын жазу үшін онымен кездесуге қол жеткізеді. Алайда журналист пен Елбасының белгіленген сұхбаты бүкіл елді аралаумен, тарихқа көз жүгірткен ұзақ уақытқа созылған қызыққа толы саяхатқа ұштасады. «Он алты қыз» фильмі ата-анасы үйлендіруді армандайтын Бауыржан есімді жас жігіттің оқиғасын баяндайды. Әкесі Бауыржанды досының қызы Айжанмен «бел құда» салты бойынша атастырады. Дегенмен қыздың кейін басқа жігіті бар болып шығады. Досының көңілін қалдырғысы келмеген Айжан Бауыржанға қалыңдық іздей бастайды. Кейіннен олардың қарым-қатынасы махаббатқа ұласады. Көрсетілімнен кейін қонақтар Қазақстан мен Астана қаласы туралы дайындалған отандық имидждік бейнематериалдарды көріп тамашалады. 

15 маусым 2018 ж. 1 155 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031