» » » Сан қырлы Сағдат

Сан қырлы Сағдат


Біздің кейіпкер «Өнер десе ішкен асын жерге қоятын жан». Онысын көрген сайын байқайтынымыз рас. Аудандық ветеринария бөлімінде таныстығымыз тоғысқанымен біз жазғалы отырған жанның жан әлемі сан қырлы. Ашық әңгімеге баурай алатын Сағдат Ералиевпен бұл жолы да әңгімеміз жараса кетті.
Бірде әріптесіміздің тойына бардық. Кештің сәнін келтіретін, қонаққа ерекше көңіл-күй сыйлайтын асаба емес пе? Ортаға шыққан бойда дауысын сыр пернеге ойыстырып, келбетімен, өнерімен жарқ еткен де осы Сағдат еді. Билегенінің өзі көпшілігінің иығын қозғамай қоймайды. Ойындары да екі езуді еріксіз құлаққа «іліп» қояды. Оны қойшы, ветеринария саласында қызмет атқаратын жігіттің мұндай қабілеті қайдан дарыған? Бұл сауал бізді де қызықтырды. Байланыстық. Біраз әңгіменің тінін тарқаттық.
Сағдат Нұрмұханбетұлы Дүр Оңғар ауылында 1998 жылы дүниеге келген. Қостанай облысы Арқалық қаласындағы аграрлы техникалық колледжінде «Біріктірілген ауыл шаруашылығы» мамандығын тәмамдаған. Аудандық ветеринария стансасында қызмет атқарады. Бос уақытында той жүргізіп, халықтың ыстық ықыласына бөленеді. Онымен қоймай қазір қаладағы «Болашақ» университетінде тіл әдебиеті бойынша білім алуда. Аудандық жастар мәслихатының депутаты. Бір қызығы біздің сан қырлы кейіпкеріміз әсіресе өлең жазуға бейім. Бүгінгі жас ақындар жыры оқырман сезімінің пернесін дөп басып, өлең әлеміне кеңінен қанат қағуда. Олардың әрқайсысы өзіне тән қолтаңбасымен танылып, қалыптасып келеді. Ал Сағдаттың қай өлеңі болмасын айналадағы өзекті мәселемен қатар адамның жан сырына, терең сезіміне үңіледі. Оның мұндай сегіз қырлы өнерлі қабілеті әкесінен дарыпты. Жалпы ол тәрбиеленген отбасы өнерлі шаңырақ. Жас ақынның алмаған асуы да жоқ емес. Мәселен, Республикалық «Жырлайды жүрек» атты Мұқағали Мақатаевтың өлеңдерін оқудан бас жүлде, «Атадан қалған асыл сөз» жазба ақындар мүшәйрасынан бас жүлде, республикалық «Туған тіл – қыдырың» байқауының көркемсөз оқу шебері, облыстық «Маржан сөз, қоңыр үн» атты концерт жүргізушілер байқауынан бас жүлдені қанжығасына байлаған. Бүгінге дейін 200-ден астам жеңістің иесі.
– Қазір ауыл шаруашылығы саласына үлесімді қосудамын. Адамда арман таусылмайды ғой. Болашақта мықты тіл маманы болғым келеді. Бос уақытымда кітап оқып, ақ қағазға өлең жазу ең сүйікті ісім. Жұмыстан қолым қалт етсе той жүргізуге шығамын. Ән, күй, би десе ықыласым ерекше. Арқа шіркін, қозбай тұрмайды ғой, –дейді ол.
Қазір әлеуметтік желінің әлеуеті артып тұрған кез. Болып жатқан оқиғаны «сырт» еткізіп кішкентай қалтафонның экранына сыйдыра аламыз. Ал ол ғаламторда жүрсе... Иә, Сағдаттың Инстаграмдағы парақшасына тіркелгенбіз. Күн сайын бір өнерден бейнежазба жариялап отырады, Сонда байқағанымыз, фортепианоның пернесін еріксіз шертеді екен. Осындай бесаспап жанның болашағы зор, қадамы нық, өнер әлемінің жарқын келбеті боларына сенім де мол.
Айнұр ӘЛИ
07 сәуір 2020 ж. 1 569 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031