» » » ҚҰРМЕТТІ АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫ ЖӘНЕ ҚОНАҚТАРЫ!

ҚҰРМЕТТІ АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫ ЖӘНЕ ҚОНАҚТАРЫ!


Сіздерді 21 наурыз күні сағат 08:30-да Орталық алаңда өтетін Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесіне арналған думанды шараға шақырамыз!

Мерекелік іс-шара «Наурыз – Игіліктің бастауы» атты театрландырылған қойылыммен басталады. Ұлыстың ұлы күнінде қазақтың салт-дәстүрлері дәріптеліп, алаңда ақ шаңқан киіз үйлер тігіледі. Қонақтарға наурыз көже мен ұлттық тағамдар ұсынылып, ата-бабадан мирас болған сырға салу, қыз ұзату, беташар, бесікке салу, тұсау кесу сынды дәстүрлерден көріністер көрсетіледі. Сондай-ақ, халықтың сүйікті өнері қыз бен жігіт айтысы ұйымдастырылып, елдің ықыласына бөленген өнерпаздар сөз сайысын жүргізеді.

Мерекелік шара барысында ұлттық ойындар мен спорттық сайыстар өткізіліп, алаңға жиналған қауым алтыбақан теуіп, арқан тартыс, асық ату, қазақ күресі сияқты сайыстарды тамашалап, өздері де қатысу мүмкіндігіне ие болады. Сонымен қатар, мерекеге орай қолөнер көрмесі ұйымдастырылып, атадан балаға мирас болған ұлттық мұрамыз кеңінен насихатталады.

Сағат 08:30-13:00 аралығында аудан өнерпаздарының қатысуымен мерекелік концерт өтіп, көпшілік назарына ән мен жырдан шашу шашылады.

Наурыз – жаңару мен жақсылықтың бастауы. Осы айтулы мерекені бірге қарсы алып, Ұлыстың ұлы күнін айрықша көңіл-күймен атап өтейік!

Келіңіздер, бірге тойлайық!

Қармақшы Ауданы 



18 наурыз 2025 ж. 474 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№11 (10479)

10 ақпан 2026 ж.

№10 (10478)

07 ақпан 2026 ж.

№9 (10477)

03 ақпан 2026 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 397
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 242

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728