» » » Құрметті Жосалы, Жалағаш және Тереңөзек кенттерінің табиғи газ тұтынушылары!

Құрметті Жосалы, Жалағаш және Тереңөзек кенттерінің табиғи газ тұтынушылары!

Сіздерге «Газ және газбен жабдықтау туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 9 қаңтардағы
№ 532-ІV Заңының 19-бабы 1,3,5-ші тармақтарына сай газ жабдығына, газ тұтыну жүйесіне уақытылы техникалық қызмет көрсету мен жөндеуді қамтамасыз етулеріңізді ескертеміз. Техникалық қызмет көрсетуге келісім шарт жасаспай газды тұтынуға тыйым салынады. Өз денсаулығыңыз бен жақындарыңыздың қауіпсіздігі туралы ойлануларыңызды сұрай отырып, тұрмыста газды қауіпсіз пайдалану үшін сіздерге хабарлаймыз:

Тұрмыста газ қолданушы тұрғындар міндетті:
1. Газ құралдарының, мұржалардың және де желдеткіштердің жұмыстарын қадағалап отыру, газ құралдарын қосқан кезде түтіннің мұржа арқылы тартылуын тексеру. Газбен жұмыс істейтін пештерді қосар алдында мұржасын «қалтасын» әр уақыт тексеріп, тазалап отыру.

2. Газды пайдаланып болғаннан кейін газ құралдарының крандарын жабу.

3. Газ құралдарында ақау болғанда техникалық қызмет көрсетуге келісім шарт жасасқан мекеменің қызметкерін шақыру.

4. Газ беру күтпеген жағдайда тоқтап қалса, тез арада газ құралдарының крандарын жауып, 109 телефоны арқылы апаттық газ қызметінің мамандарын шақыру.

5. Газ құбырларын және газ қондырғыларын тексеру және жөндеу үшін үйіңізге газ мекемесінің қызметкерлерін қызмет куәлігін көрсеткен жағдайда ғана тәуліктің кез келген уақытында кіргізу.

6. Бір айдан көп мерзімге үйден кеткен кезде газ шаруашылығы мекемесіне хабар беру.

Газ иісі байқалғанда не істеу керек?
- Газ құбырындағы вентильді жабыңыз
- Терезелерді дереу ашыңыз, өтпе жел жасаңыз
- Жарық немесе тұрмыстық аспаптарды қоспаңыз — ұшқын жарылыс туғызуы мүмкін
- 109 телефоны бойынша апаттық қызметті шақырыңыз

Құрметпен, ШЖҚ "Қызылорда газ тарату жүйесі" КМК әкімшілігі

14 наурыз 2023 ж. 939 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№30 (10295)

16 сәуір 2024 ж.

№29 (10294)

13 сәуір 2024 ж.

№28 (10293)

09 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930