Газды тұрмыста қауіпсіз пайдалану – адам өмірі үшін аса маңызды!
qarmaqshy-tany.kz Отты және газды – пайдалану барасында қауіпсіздік талаптарын сақтамау салдарынан келетін қауіп орасан зор. Соның ішінде газды тұрмыста қауіпсіз пайдалану маңызды. Алайда, көгілдір отынды пайдаланушылардың барлығы дерлік техникалық қауіпсіздік шараларын сақтай бермейді. Осының салдарынан қайғылы оқиғалар орын алуы мүмкін.
Сондықтан басты талап - газ жабдықтарын өз бетінше орнатуға болмайды, міндетті түрде газ шаруашылығының маманын шақырту керек. Ал, газ жабдықтарының дұрыс жұмыс істеуіне үй иесінің өзі жауапты екенін естен шығармауымыз керек.
ҚҰРМЕТТІ КЕНТ ТҰРҒЫНДАРЫ!
КЕЛЕСІ ЕСКЕРТУЛЕРДІ ЕСТЕ САҚТАҢЫЗДАР!:
- Үйді газдандыруды өз бетінше жүргізуге, газ аспаптарының, баллон мен бекіту арматураларының орнын ауыстыруға, алмастыруға және жөндеуге, кез-келген газ жүйесін құрастыру тек мамандандырылған ұйыммен жүргізілуі тиіс.
-улы газды (СО) және метанды (СН4) газдануды автоматты бақылау жүйесін орнатыңыз;
- тұрғын үйлерге алғаш рет табиғи газ жіберілердің алдында тұтынушылар газ құрылғыларын, газ мұржасы мен жылыту пешін, газбен су жылыту құрылғыларын қауіпсіз пайдаланудың нұсқаулықтарымен толық танысуы керек;
- жұмыс істеп тұрған газ құрылғысы орналасқан бөлмеде кішкентай балаларды қараусыз қалдырмаңыз;
- қолдан жасалған газ құрылғысын қолданбаңыз, тек зауыттан шыққан құрылғыны ғана пайдаланыңыз;
-газ құрылғыларын өздігімен жөндеуге, тасымалдауға болмайды;
Пәтерде газдың иісі шықса:
-барлық газ крандарын жабу;
-бөлмелерді желдету;
-от тұтандырмау, электр құрылғыларды қосып, өшірмеу керек;
- 104 апаттық газ қызметіне хабарласу керек.