Хабарландыру

qarmaqshy-tany.kz «Сыр медиа» ЖШС-не қарасты аудандық «Қармақшы таңы» газеті редакциясы Балалар жылына және газеттің 90 жылдығына орай балалар арасында «Төл басылым – тоқсанда» тақырыбымен жазба ақындар мүшәйрасын жариялайды.
БАЙҚАУ ЕРЕЖЕСІ
Байқаудың мақсаты: Балалар шығармашылығына қолдау көрсету;
Газеттің 90 жыл көлемінде, қазірге дейінгі қол жеткен тарихи табыстары мен жетістіктерін оқырманға кең көлемде насихаттау;
Шығармашыл балалардың қаламын ұштау.
Қатысушыларға қойылатын талаптар:
Байқауға 12 мен 16 жас аралығындағы жасөспірімдер қатыса алады.
Туындыға қойылатын талаптар: Төл басылым тарихын тілге тиек ету;
Газеттің маңыздылығына тоқталу;
Тақырыптың өзегін, маңызын ашып көрсету;
Оқырманға әсерлі, тартымды етіп жеткізе білу;
Байқауға ұсынылатын материалдар Microsoft Word түрінде жолданып және өлең көлемі 14 шрифпен жазылуы керек. Көлемі А4 форматында 2 беттен аспау керек; Интернет, әлеуметтік желіден көшірілмеуі керек.
Тағайындалатын сыйлық бойынша: Жеңімпаздарға 4 орын беріледі. Редакция тарапынан бағалы сыйлықтар тағайындалады.
ӨТКІЗУ ТӘРТІБІ Өлеңдер осы жылдың 5 – 15 қараша аралығында karm_tany@mail.ru электронды поштасына қабылданады. Байқау қорытындысы 19 қараша күнгі газет нөмірінде жарияланады.
09 қараша 2022 ж. 831 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№36 (10504)

16 мамыр 2026 ж.

№35 (10503)

13 мамыр 2026 ж.

№34 (10502)

09 мамыр 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 113
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 700

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031