» » » Мемлекеттік грант – нысаналы мақсат жаңа бизнес

Мемлекеттік грант – нысаналы мақсат жаңа бизнес

Business.enbek.kz порталында 2022 жылдың 8 тамызынан бастап бизнес-идеяларды іске асыру үшін гранттар алуға өтінімдер қабылдау басталды.
Business.enbek.kz порталында 2022 жылғы 8 тамыздан бастап 19 тамыз аралығы аясында «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» шеңберінде бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттар алуға II лекке өтінімдер қабылдау басталды.
Мемлекеттік грант – нысаналы мақсаты жаңа бизнесті іске қосу және дамыту болып табылатын өтеусіз берілген бастапқы капитал.
Грант көлемі 400 АЕК-ті (1 225 200 теңге) құрайды. Әр қатысушы оны тек бір рет ала алады.
Гранттар қаражаты ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге өздерінің бизнес-әлеуетін ашуға, өндірісті жолға қоюға және дамытуға, сол арқылы өзін тұрақты табыспен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Өтінім беру үшін қажет:
• Порталда тіркелу;
• Грант алу шарттарына сәйкестігіне тексеруден өту;
• Бизнес-жоспар үлгісін жүктеп алып, оны толтыру және порталға енгізу;
• Өтініш нысанын толтыру және ЭЦҚ кілтімен қол қою.
Грант алу үшін бірқатар шарттарды сақтау қажет.
Бұл ретте үміткер төмендегі әлеуметтік санаттардың бірінен болу керек:
• Жиырма тоғыз жасқа толмаған, грант алуға өтініш бергенге дейін үш жылдан кем дара кәсіпкер ретінде тіркелген немесе бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер болып табылатын жас кәсіпкерлер;
• Атаулы әлеуметтік көмекті, көп балалы отбасыларға және (немесе) оның жұбайына (зайыбына) төленетін жәрдемақыларды, асыраушысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік жәрдемақыларды алушыларды, қоныс аударушыларды, қандастарды, еңбекке қарсы көрсетілімдері жоқ мүгедектігі бар адамдарды, мүгедектігі бар бала (мүгедектігі бар балаларды) тәрбиелеп отырған адамдарды және (немесе) оның жұбайы (зайыбын), жастарды қамтитын халықтың әлеуметтік осал топтарына беріледі.
Гранттар жұмыссыз немесе дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу мерзімі үш жылдан аз немесе бір реттік жиынтық төлемді төлейтін дара кәсіпкер ретінде грант алуға өтініш бергенге дейін тіркелген жағдайда халықтың әлеуметтік осал топтарына беріледі. Үміткердің «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту туралы 3 жылдан аспайтын мерзімге сертификаты болуы тиіс.
Грант алуға өтінімдерді қабылдау бірыңғай терезе – «Business.enbek.kz» порталы арқылы жүзеге асырылады.
Грантты: қажетті құрал-саймандарды, еңбек құралдарын, технологиялық жабдықтарды, малдарды, жануарларды, құстарды, көшеттерді, бұталарды, тұқымдарды сатып алуға, орын-жайларды жалға алу ақысын төлеуге алуға болады.
Гранттар: тұтынушылық мақсаттарға, кредиттік қарыздарды өтеуге, жылжымайтын тұрғын үй сатып алуға және салуға, жер учаскелерін сатып алуға, акцизделетін өнімдер өндіруге берілмейді.
Гранттарды халықты жұмыспен қамту орталықтары грант алуға үміткерлердің өтініштерін қарау жөніндегі қалалық комиссияның шешімі негізінде береді.
Үміткерлер өз бизнес-жобасын комиссия отырыстарында офлайн түрде таныстырады. Бұл ретте комиссияның әрбір мүшесі бизнес-жоспарды бағалайды және бағалау парағын мынадай өлшемшарттар бойынша толтырады: бизнес-идеяның бәсекеге қабілеттілігі, өткізу нарықтарының пысықталуы, бизнес-жобаның қаржылық өміршеңдігі, кәсіпкерлік дағдылардың деңгейі, жаңа жұмыс орындарын құру.
Осылайша, грант беру туралы шешім комиссиялық түрде және үміткерлердің бизнес-жобаларының пысықталуын бағалаудың нақты өлшемшарттары негізінде қабылданады.
Комиссия шешімі үміткердің Порталдағы жеке кабинетіне жіберіледі. Комиссияның оң шешімі болған жағдайда үміткер банк деректемелерін ұсынады, шартқа қол қояды және одан әрі тоқсан сайын қаражаттың пайдаланылуы туралы есеп береді. Мұның бәрі халықты жұмыспен қамту орталықтарына бармай-ақ, электрондық форматта жасалады.
10 тамыз 2022 ж. 1 761 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 023

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031