» » «Бастау Бизнес» жобасында өзгерістер бар

«Бастау Бизнес» жобасында өзгерістер бар



Биыл «Бастау Бизнес» жобасының қатысушылары тағы онлайн оқиды. Оқу 2022 жылғы наурыздың соңында басталады деп жоспарланған.
2022 жылы «Бастау Бизнеске» мына нысаналы топқа жататын тұлғалар қатыса алады:
Жұмыспен қамту санатындағылар:
• Жұмыспен қамту орталығында тіркелген жұмыссыздар;
• бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер (өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұлғалар қатарынан);
• жеке кәсіпкерлер (тіркеу мерзімі бір жылдан кем);
• жеке қосалқы шаруашылықпен айналысатын тұлғалар.
Әлеуметтік санаттағылар:
• Жұмыссыз жастар (29 жасқа дейін);
• аз қамтылған отбасы мүшелері – атаулы әлеуметтік көмек алушылар;
• көпбалалы отбасылар – көпбалалы отбасылар бойынша жәрдемақы алушылар;
• қандастар, қоныс аударғандар;
• мүгедектігі бар адамдар;
• мүгедек баланы (мүгедек балаларды) тәрбиелеп отырған тұлғалар үшін.
Оқытуға өтінімдер «Электрондық еңбек нарығы» Мемлекеттік ақпараттық жүйесіндегі Business.Enbek кәсіпкерлік бастамаларды қолдаудың бірыңғай онлайн терезесі арқылы қабылданады.
Үміткер өтінімді порталда бергеннен кейін күнтізбелік 10 (он) күн ішінде нысаналы топқа тиесілігі тексеріледі.
Business.Enbek порталында мақұлдағаннан кейін өтінім онлайн-оқудан өту үшін автоматты түрде Atameken Academy порталына жіберіледі.
Курсты Atameken Academy порталында онлайн оқиды. Оқу ұзақтығы күнтізбелік 25 (жиырма бес) күннен аспайды және тегін өтеді.
Оқыту нәтижелері бойынша қатысушыға тиісті сертификат беріледі:
• оқуды аяқтау туралы сертификатты бизнес-жоспарды дайындаған және бизнес-жоспарды бағалау мен қорытынды тестілеудің қорытындылары бойынша қажетті балл санын – кемінде 60% жинаған қатысушылар ала алады;
• оқуға қатысу туралы сертификатты құзыреттілік деңгейін арттырған, бірақ оқу аяқталған кезде әзірленген бизнес-жоспары жоқ немесе бизнес-жоспардан теріс баға алған қатысушылар ала алады.
Оқуды аяқтау туралы сертификат үш жылға жарамды.
Оқу неге мүмкіндік береді?
• Өз ісін жүргізудің негізгі дағдыларын алу;
• Он екі айға дейінгі мерзімге бизнес-жобаны іске асыруда сүйемелдеу;
• Бизнес-идеяны қаржыландыру тетіктеріне қол жеткізу.
Грантқа кімдер үміткер бола алады?
«Бастау Бизнес» жобасы бойынша оқудан кейін төмендегі санаттарға жататын қатысушылар Жұмыспен қамту орталығынан берілетін 400 АЕК мөлшеріндегі грантқа үміткер бола алады:
• Жұмыспен қамту орталығында тіркелген жұмыссыздар;
• бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер (өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұлғалар қатарынан);
• жеке кәсіпкерлер (тіркеу мерзімі бір жылдан кем);
• жеке қосалқы шаруашылықпен айналысатын тұлғалар.
Бұл ретте грантқа үміткерлер төмендегі санаттардан болуы тиіс:
• Жастар (29 жасқа дейін),
• аз қамтылған отбасы мүшелері – атаулы әлеуметтік көмек алушылар,
• көпбалалы отбасылар – көпбалалы отбасылар бойынша жәрдемақы алушылар,
• қандастар, қоныс аударғандар,
• мүгедектігі бар адамдар,
• мүгедек баланы (мүгедек балаларды) тәрбиелеп отырған тұлғалар үшін.
Атап өту қажет!
• Жоғарыда аталған санаттарға жатпайтын өткен жылдардағы жобаға қатысушылар гранттық қаражатқа үміткер бола алмайды;
• Грантқа үміткерлер жұмыспен қамтудың басқа да қолдау шараларына қатыспауы тиіс;
• Грант бір рет қана беріледі, бұрын алған қатысушылар қатыса алмайды;
• Грант қаражатын тек «Бастау Бизнес» жобасы бойынша оқыту барысында әзірленген бизнес-жоспарға сәйкес пайдалануға болады.
Грантқа қалай өтініш беруге болады?
Оқуды аяқтаған және сертификат алған «Бастау Бизнес» жобасының түлектері Еңбек министрлігінің Business.Enbek порталындағы «Грант» бөлімінде өтініш бере алады.
Еңбек министрлігінің 2022 жылғы 7 ақпандағы бұйрығымен кәсіпкерлік бастамашылыққа жәрдемдесу жөніндегі шараларды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидалары бекітілді. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Сілтеме бойынша танысуға болады https://adilet.zan.kz/rus/docs/V2200026747.
Микроқаржыландыруға кім үміткер бола алады?
Бизнес-жобасын қорғаған «Бастау Бизнес» жобасының тыңдаушылары, оның ішінде 2017-2021 жылдардың қатысушылары кәсіпкерлік қызметін дамытуға Atameken Qyzylorda микроқаржы ұйымынан жылдық 6%-бен жеңілдетілген несие алуға өтінім бере алады. Өтінім беру үшін сізге Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасына жүгіну қажет. Тел.: 40-09-81.


21 ақпан 2022 ж. 482 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

№90 (10355)

12 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 180

Сұхбат

ӨНЕР АЙДЫНЫНЫҢ БҰЛАҒЫ
19 қараша 2024 ж. 144

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 300

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930