Жұмыссыздарды тіркеу ережелері өзгерді
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бұйрығымен жұмыс іздеп жүрген адамдарды, жұмыссыздарды тіркеу және халықты жұмыспен қамту орталықтары көрсететін еңбек делдалдығын жүзеге асыру қағидаларына өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Енді жұмыссыз тұлғалар жұмыс іздеу үшін «Электрондық еңбек биржасы» ақпараттық порталында тіркеле алады.
Жалпы, жұмыс іздеп жүрген адамдар жұмысқа орналасуға жәрдемдесу үшін жүгінген кезде келесі ресурстарға тіркеле алады:
Ұсынылған құжаттардың немесе деректердің дұрыстығын анықтағаннан кейін халықты жұмыспен қамту орталығы олар келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде жұмыс іздеушіні жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркейді және оған тіркеу туралы хабарлама береді.
Тіркеу туралы хабарламаны беруді халықты жұмыспен қамту орталығы жеке куәлігін, оның ішінде цифрлық құжаттар сервисінен ұсынған кезде қолхат негізінде жүзеге асырады.
Хабарланғандай, хабарласқан адам ақпараттық-коммуникациялық технологиялар немесе ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы арқылы жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркелу туралы хабарлама алады.
Егер жұмыссыз «Электрондық еңбек биржасы» ақпараттық порталындағы «жеке кабинетте» міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушысы болып табылса, ол жұмысынан айырылған жағдайда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан әлеуметтік төлем алу үшін өтінім мен банк шотының нөмірін толтырады.
Бұйрық 2022 жылғы 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізіледі.

- Тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту орталығы арқылы;
- «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы;
- Мемлекеттік корпорация арқылы;
- «Электрондық еңбек биржасы» ақпараттық порталында.