» » Бизнес грантын алуға өтінімдер 1 сәуірден бастап арнайы порталда қабылданады

Бизнес грантын алуға өтінімдер 1 сәуірден бастап арнайы порталда қабылданады


2022 жылғы 1 сәуірден бастап Мемлекет басшысының халықтың әл – ауқатын арттыру жөніндегі тапсырмасын және Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасын іске асыру шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін қайтарымсыз гранттар алудың бірінші легіне өтінімдер қабылдау басталады, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.
Өтінімдерді қабылдау «Business.enbek.kz» порталы арқылы онлайн режимінде жүзеге асырылады. 2019 грант беру жоспарланған, оның 1089-ы жастар үшін және 930-ы халықтың әлеуметтік осал топтары үшін.
Өтінімдерді қабылдау 10 жұмыс күніне созылады, содан кейін аудандық/қалалық комиссия берілген өтініштерді қарайды. Комиссия отырыстарында үміткерлер өздерінің бизнес-жобаларын таныстыратын болады. Өтінім берілген күн комиссияның шешіміне әсер етпейді.
Ағымдағы жылы өтінімдерді қабылдау 7 лек шеңберінде кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын болады. Мұндай шешім азаматтардың «Бастау Бизнес» жобасы бойынша оқудан өтіп үлгеруі үшін қабылданды.
Гранттар бір рет беріледі. Бұл ретте, бизнес-жобасын комиссия қарау барысында мақұлдамаған үміткер келесі ағындардың біріне өтінімді қайта бере алады.
Биыл барлығы 20 мың грант бөлу жоспарлануда. Соның ішінде жастар мен халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан адамдар үшін (атаулы әлеуметтік көмек алушылар; көпбалалы отбасы мүшелері – көпбалалы отбасылар бойынша жәрдемақы алушы және (немесе) оның жұбайы (зайыбы); оңтүстік өңірлерден солтүстікке қоныс аударушылар; қандастар; мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасы мүшелері; мүгедектігі бар адамдар) 10 мың грант беру көзделуде.
Нысаналы санаттарға сәйкес келуден басқа, үміткерлер мынадай критерийлердің біріне сәйкес келуі тиіс:
– халықты жұмыспен қамту орталығында тіркелген жұмыссыз азамат;
– Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеуші;
– өтініш берген сәтте мәртебесін ресімдеу мерзімі 1 жылға дейінгі жеке кәсіпкер (оның ішінде қызметін тоқтатқан);
– жеке қосалқы шаруашылықпен айналысатын тұлға.
«Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытуды аяқтау туралы қолданыстағы сертификаттың және оқыту барысында дайындалған бизнес-жоспардың болуы міндетті болып табылады.
Бұдан басқа, грант алуға үміткердің тұрғылықты жері бойынша кемінде 1 жыл тұрақты немесе уақытша тіркеуі болуы тиіс (қоныс аударушылар мен қандастарды қоспағанда).
Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларының қазіргі қатысушылары, сондай-ақ 12 ай бұрын жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысуды өз еркімен, дәлелсіз себеппен тоқтатқан адамдар грантқа үміткер бола алмайды.
Өтінім беру үшін электрондық цифрлық қолтаңбаны (бұдан әрі – ЭЦҚ) пайдалана отырып, порталда тіркелу, өтініш нысанын толтыру және ЭЦҚ көмегімен қол қою қажет.
Интернетке немесе компьютерге қолжетімділік болмаған жағдайда, Халықты жұмыспен қамту орталықтарының өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтарында, Халыққа қызмет көрсету орталықтарында, Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтарында өтінім беруге болады.
«Порталды өтінімдерді қабылдау бойынша бірыңғай терезе ретінде пайдалану мемлекеттік қолдау шараларын көрсету процесінде үміткерлер мен көрсетілетін қызметті берушілердің физикалық байланыстарын азайтуға ғана емес, сондай-ақ іріктеу және мемлекеттік қолдау шараларын тағайындау туралы шешім қабылдау сатыларында адами фактордың әсерін азайтуға мүмкіндік береді. Ал кірудің бірыңғай нүктесі және жеке кабинеттегі өтінімдердің мәртебесін қадағалау мүмкіндігі азаматтар үшін ашықтық пен қолжетімділікті қамтамасыз етеді», – деді ҚР Еңбекминінің Халықты жұмыспен қамту департаментінің директоры Руслан Тілеубаев.
Гранттарды үміткерлердің өтініштерін қарау жөніндегі комиссияның шешімі негізінде халықты жұмыспен қамту орталықтары беретін болады. Комиссия мүшелері бизнес-жоспарды келесі критерийлер бойынша бағалайды:
– бизнес-идеяның бәсекеге қабілеттілігі;
– өткізу нарықтарының пысықталуы;
– бизнес-жобаның қаржылық өміршеңдігі;
– кәсіпкерлік дағдылар деңгейі;
– жаңа жұмыс орындарын құру.
Шешім шығарылғаннан кейін порталдағы үміткердің жеке кабинетіне хабарлама жіберіледі. Комиссияның оң шешімі болған жағдайда үміткер тиісті хабарламаны алған сәттен бастап 3 жұмыс күні ішінде порталда банк деректемелері бар банк шотын ұсынуы тиіс.
Бұдан басқа, Порталда хабарлама алған сәттен бастап 3 жұмыс күні ішінде грант алушы Жеке кабинетте ЭЦҚ пайдалана отырып, шартқа қол қоюы тиіс.
Келесі ағындар бойынша өтінім беру күні алдын ала Порталда, БАҚ және әлеуметтік желілерде жарияланатын болады.
Қосымша ақпарат алу үшін тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту орталықтарына жүгінуге болады.


14 наурыз 2022 ж. 543 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 024

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031