» » Қызылордалық полицейлер министрлік чемпионатында жеңіске жетті

Қызылордалық полицейлер министрлік чемпионатында жеңіске жетті

Kyzylorda-news.kz. Жуырда Талдықорған қаласында самбодан Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің чемпионаты өтті. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Жарыс алты салмақ дәрежесі бойынша өткен болатын. Аталған чемпионатқа Қызылорда облысы Полиция департаменті құрамасы атынан Жылдам қимылдайтын арнайы жасағының аға инспекторы, полиция аға лейтенанты Ержан Абдуллаев және оқу жаттығу взводының аға инспекторы полиция майоры Жасұлан Досымов қатысып, бақтарын сынады.
90 кг салмақ дәрежесі бойынша Ержан Абдуллаев 1 орынды иеленсе, 100 кг салмақта Жасұлан Досымов 3 орынды жеңіп алды.
Айта кетерлік жайт, дзюдо және самбо күресінен Қазақстан Республикасының спорт шебері полиция аға лейтенанты Ержан Абдуллаев 2015 жылы жекпе-жек сайысынан ҚР ІІМ чемпионатында 2-орын иеленсе, 2017 жылы Америка құрама штаттарында өткен Бүкіләлемдік полицейлер мен өрт сөндірушілер арасында өткен әлем чемпионатында ел намысын қорғап, дзюдо күресінен 3-орын, греплинг күресінен 2-орынды жеңіп алды.
Сол сияқты, 2018 жылы самбодан өткен ел чемпионатында топ жарса, осы жылы Алматы қаласында дзюдодан өткізілген «Конфедерация кубогінде» командалық 3-орынға қол жеткізген.

23 тамыз 2019 ж. 1 151 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10435)

05 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

№65 (10433)

30 тамыз 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 342
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 121

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930