» » 28 тамыздан бастап пойызда темекі шегуге тыйым салынады

28 тамыздан бастап пойызда темекі шегуге тыйым салынады

Елімізде 28 тамыздан бастап жолаушылар пойызында шылым шегуге тыйым салынады. Бұл туралы бүгін баспасөз мәжілісінде «Жолаушылар тасымалы» АҚ атқарушы директоры Едіге Мыханов айтты.
«Жолаушылар тасымалдайтын пойыздарда темекі шегуге тыйым салу туралы заң бұған дейін қабылданған. Енді, 2019 жылдың 28 тамызында өз күшіне енеді. Осыған дейін тамбурда шылым шегуге рұқсат беріліп келген. Арыз-шағымның көбеюіне байланысты мүлдем темекі шегу тоқтатылады», - дейді Едіге Мықанов.

Оның айтуынша, темекі шеккісі келетін жолаушы пойыз тоқтағанда арнайы орындарға баруы тиіс.

«Егер жолаушы темекінің иісін сезсе, онда арнайы байланыс телефондарына хабарласуына болады (1433 арнайы байланыс нөмірі). Ал Тальго пойыздары герметикалық материалдан жасалған. Сондықтан темекінің иісі барлық купеге таралуы мүмкін. Осындай сәтте хабарласып, шағым түсіруге мүмкіндіктері бар», - дейді атқарушы директор.

Тәртіп бұзылған жағдайда, акт толтырылып, желілік ішкі істер бөлімінің қызметкерлері шақырылады.

ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 571-бабы бойынша 5 АЕК көлемінде айыппұл салынады (12 625 теңге).

Бек ТӨЛЕУОВ
21 тамыз 2019 ж. 3 159 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№57 (10425)

02 тамыз 2025 ж.

№56 (10424)

29 шілде 2025 ж.

№55 (10423)

26 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 163
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031