» » Темекінің зияны

Темекінің зияны

Темекі – заңды түрде қолдануға болатын есірткі түрі, дәл қазіргі таңда «Біз темекісіз Қазақстанды қолдаймыз!» Ұлттық бағдарламасы жүзеге асырылуда.  Бұл бағдарламаның мақсаты мен міндеті халық арасында шылымқорлықтан саналы түрде бас тарту дағдыларын қалыптастыру.
Темекі тарту жүрек-тамыр жүйесінің, тыныс алу және ас қорыту мүшелерінің ауруына шалдығу, қатерлі ісіктің пайда болу қаупін тудырады. Сондай-ақ темекі тартатындар жұқпалы ауруларға шалдыққыш (мысалы, олардың арасында тыныс жолы ауруларымен ауыратындар темекі тартпайтындарға қарағанда 4 есе жиі ұшырасады), табиғи жә­не өндірістік факторлардың қо­лай­сыз әсеріне төзімсіз келеді. Те­мекі шегіп отырған адамнан гө­рі қасында отырған кісіге көк түтіннің өзі қаншама зиян әкеледі. Бұл дегеніміз пассивті темекі шегу, ауадағы темекі түтінін жұту, мұның өзі өкпе обырына, жүрек қантамыр мен тыныс алу жүйелерінің ауруларына шалдықтыруы мүмкін. Бұның барлығы болашағымызға балта шабу екенін айтпаса да көрініп тұр. Осындай мәселелерде тек арнайы мамандар немесе мектеп оқушылары мен ұстаздар түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, әр оқушыға жауап бергенмен шешілетін дүние емес, бұл ретте сіз болып, біз болып, қоғам болып күресуіміз қажет деп білемін. Барлықтарыңызды «Темекісіз Қазақстанды қолдауға шақырамын!».
Ақтолқын Нұрмағанбетова,
«Қызылорда облыстық
салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы»
ЖШС-нің Қармақшы ауданы бойынша маманы.
04 маусым 2019 ж. 4 043 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№5 (10373)

21 қаңтар 2025 ж.

№4 (10372)

18 қаңтар 2025 ж.

№3 (10371)

14 қаңтар 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 322
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031