» » Бүгін күн ысып, жауын жауады

Бүгін күн ысып, жауын жауады

Qarmaqshy-tany.kz Атмосферлық ағындардың өтуіне байланысты 10 шілде күні еліміздің басым бөлігінде жауын жауып, күн күркірейді және жел күшейіп, бұршақ жаууы ықтимал. Елдің тек солтүстігі мен оңтүстігінде ғана жауын-шашын болмайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Кәсіпорын таратқан мәліметтерге қарағанда, Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел күшейіп, жылдамдығы секундына 15-20 метрге, екпіні 25 м/с-қа дейін жетеді, дауыл тұрып, бұршақ жаууы мүмкін.
Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлеріне түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін, Павлодар облысында желдің жылдамдығы 18 м/с-қа жетеді.
Алматы, Қостанай облыстарында, түнде Қарағанды облысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с-қа жетуі мүмкін.
Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде дауыл тұрып, бұршақ жаууы ықтимал.
Түркістан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді, шаңды дауыл тұрады. Күндіз Ақтөбе облысының кей жерлерінде дауыл тұрып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-қа жетеді.
Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Ақтөбе облыстарында, Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде күндіз аптап ыстық болады.
Қызылорда облысында, Ақтөбе, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстарында өрт тұтану қаупі сақталады.  
10 шілде 2019 ж. 721 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (10537)

12 қыркүйек 2026 ж.

№68 (10536)

08 қыркүйек 2026 ж.

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 843
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 111

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930