» » 18 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

18 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

"Қазгидромет" РМК синоптиктерінің болжамына қарағанда, бүгін республика аумағының басым бөлігінде антициклон әсерінен ауа райы жауын-шашынсыз болады, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі.

Еліміздің батысы мен шығысында атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.
Ал солтүстік өңірдің кей жерінде түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін.
Жамбыл облысының кей жерінде жел тұрып, күндіз жылдамдығы 23 м/с жетеді.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде тұман түседі, жел жылдамдығы 15-20 м/с болады.
Күндіз Атырау облысының кей жерінде бұршақ жаууы мүмкін, жел 15-20 м/с күшейеді, шаңды дауыл болады.
Күндіз Қызылорда облысының кей жерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетіп, шаңды дауыл соғады.
Маңғыстау, Ақтөбе облыстарында, күндіз Түркістан, Қостанай облыстарының кей жерінде жел 15-20 м/с дейін күшейеді.
Солтүстік Қазақстан облысында түнде және таңертең кей жерде тұман түседі, күндіз желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.
Павлодар облысында, түнде және таңертең Ақмола, Қарағанды облыстарының кей жерінде тұман түсуі ықтимал.
Қызылорда, Түркістан, Маңғыстау, Жамбыл, Атырау облыстарының басым бөлігінде, Батыс Қазақстан, Ақтөбе және Қарағанды облыстарының кей жерінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Baq.kz


18 қыркүйек 2018 ж. 1 121 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

№21 (10488)

23 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 755
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

АБЫРОЙ ЕҢБЕКПЕН КЕЛЕДІ
28 наурыз 2026 ж. 120

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 481

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930