» » Сақтық шарасы пысықталды

Сақтық шарасы пысықталды

Қызметкерлер автокөліктердегі өрт қауіпсіздіктерінің алдын алу мақсатында Батыс Европа-Батыс Қытай магистральді тас жолында қатынайтын жүк автокөлік егелеріне түсіндірме жұмыстарын жүргізіп жадынама таратылды.
Статистика көрсеткендей, апат немесе жол көлік апаты кезінде автокөлік жүзден бір жағдайда ғана өртенеді – жанармай багына немесе отындық жүйеге зақым келгенде. Басқа жағдайларда өрт қарапайым өрт қауіпсіздігі ережелері бұзылғандықтан және электр сымдар жүйесіндегі тұйықталуынан, отын беру жүйесінің ақауынан, салонда темекі шегуден, оңай жанғыш жүктерді тасымалдау барысындағы ұқыпсыздықтан, жанармайдың төгілуі және тұтануы, автокөлікте сақталған тозығы жеткен майланған заттардың өздігінен жануы немесе автокөлікке жоғары кернеулі сымдар құлағанда және т.б. жағдайларда болады.
Жану мен өрттің басты белгілері түтін, жанған резеңке иісінің болуы, жанған жерден түтіннің шығуы, қарсы немесе жол жөнекей кездескен көлік жүргізушілері байқап қалуы мүмкін екендігін атап өткен жөн.
Мұндай жағдайларды болдырмау үшін Бөлім қызметкерлері автокөлік иелеріне төмендегідей: үнемі автокөліктің тоқ жіберуші және отындық жүйелерін білікті мамандарға көрсету; жүк салғышта ақаусыз өрт сөндіргіш сақтау, автокөлік капотының астында майланған шүберектер қалдырмау; қозғалтқышты шүберекпен жаппау; жылдың суық мезгілдерінде қозғалтқышты жылыту үшін оттың ашық көздерін пайдаланбау; машинаның электр жабдығын өз бетінше жөндемеу сияқты ұсыныстар берілді.

Қармақшы ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі
27 маусым 2019 ж. 855 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 222

Сұхбат

ӨНЕР АЙДЫНЫНЫҢ БҰЛАҒЫ
19 қараша 2024 ж. 150

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 328

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930