» » Іс тоқтатылды

Іс тоқтатылды



Қармақшы аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігімен азамат Ә.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.
Іс құжаттарына сәйкес, азамат Ә. көлік құралын есірткілік масаң күйінде басқарған деп, оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігімен әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылған.
Сот отырысында азамат Ә. бұл кезде есірткілік масаң күйде болмағанын, есірткі құралын пайдаланбағанын көрсеткен.
Іс құжаттарына тіркелген психикалық белсенді зат пайдалану және мас болу фактісін анықтау туралы қорытындыда азамат Ә.-ның есірткі затын пайдаланған деп қорытынды жасалған. Алайда дәрігер нарколог азамат Ә-ның масаң күйде болмағанын, ол өзін қалыпты ұстап, сұрақтарға қалыпты жауап бергенін көрсеткен.
Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 10-бабының тәртібі бойынша, ешкім де өзінің кінәсіздігін дәлелдеуге міндетті емес. Кінәлілікке  келтірілген кез келген күдіктер өзіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалған адамның пайдасына түсіндіріледі.
ӘҚБтК-нің 741 бабының 1-бөлігінің 2)-тармағына сай, әкiмшiлiк құқық бұзушылықтың құрамы болмаған кезде әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзудi бастауға болмайды, ал басталған iс тоқтатылуға жатады.
Осыған орай, азамат Ә.-ға қатысты Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігімен қозғалған әкімшілік іс, әкімшілік құқық бұзушылықтың құрамы болмауына байланысты тоқтатылды. Сондай-ақ, келешекте осындай кемшіліктерді болдырмауға тиісті шаралар қолдану үшін Қармақшы АПб-нің басшысының атына жекеше қаулы қабылданған.

Қайнар: 
Қармақшы аудандық сотының баспасөз қызметі
07 маусым 2019 ж. 1 108 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№72 (10440)

27 қыркүйек 2025 ж.

№72 (10440)

23 қыркүйек 2025 ж.

№71 (10439)

20 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 503
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 304

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930