» » АҚЫНДАР СЫР ЕЛІНДЕ ҚОНАҚТА

АҚЫНДАР СЫР ЕЛІНДЕ ҚОНАҚТА

Поэзия әлеміне еніп, қара қаламға қанат бітірген, жыр мәйегін жүрегіне жиған ақындар Сыр еліне жиналды. Иә, аймағымызда облыс әкімдігінің қолдауымен, Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен 26-30 мамыр күндері Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақалалары аясында ақын, Мемлекеттік сыйлықтың иегерлері Фариза Оңғарсынованың 80 жылдығына және ақын, сыншы аудармашы Жарасқан Әбдірашұлының шығармашылығына арналған «Парасатты поэзия» атты халықаралық фестивалі өтті. Дүйсенбіде Дүр Оңғар ауылының мәдениет үйінде аталған шара өз жалғасын тапты. Фестиваль аясында Түркия, Әзірбайжан, Қырғызстан, Татарстан Республикасы мен еліміздің 8 аймағынан ақындар бас қосты. Олар 3 топқа бөлініп, облыс аудандарында рухани кеш өткізді.
Жыр кешінде аудан әкімі Сұлтан Ысқақұлы бабалар аманатын адал сақтап бүгінге жеткізіп жүрген ақын-жазушыларымызға жаңа бастамаларына шығармашылық табыс тілеп, ізгі лебізін жеткізді.
Кеш барысында ақындар жырдан шашу шашты. Атап айтар бол­сақ, Қырғызстан Республикасы­ның ақы­­ны Қарбалас Бакиров, Татарстан Республикасының ақыны Рустем Галиуллиндер төл тілінде жазылған өлеңдерін оқыды. Мұнымен қоса Ұларбек Нұрғалымұлының «Төркін», «Кертөбел» өлеңің мен Асылзат Арыстанбектің «Көз» өлеңі көпшіліктің көңілінен шықты. Сонымен қатар кеште суретші, белгілі режиссер, сценарист Рүстем Әбдіраш сөз алып, шығармашылық саладағы жетістіктерге тоқталса, күйші, композитор, киноактер Әбілхайыр Әбдіраш қазақтың қара домбырасымен күйден шашу шашты. Ол өзінің төл туындылары «Аңшы», «Аңыз» күйлерін кө­рерменге тарту етті.
Жарасқан Әбдірашұлының «Дала сенің ұлыңмын» атты кітабы және Әділ Ботпановтың «Өмірзая» кітабы, «Ұлы дала үні» атты қырғыз тілінде тәжімаланған жыр жинақтары ауыл­дық кітапхана қорына табысталды.
Ақнұр САҒЫНТАЙ,
«Қармақшы таңы».
03 маусым 2019 ж. 871 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№32 (10297)

23 сәуір 2024 ж.

№31 (10296)

20 сәуір 2024 ж.

№30 (10295)

16 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930