» » ҚАРМАҚШЫДА «ПАРАСАТТЫ ПОЭЗИЯ» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФЕСТИВАЛЬ ӨТТІ

ҚАРМАҚШЫДА «ПАРАСАТТЫ ПОЭЗИЯ» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФЕСТИВАЛЬ ӨТТІ

Бүгін Қармақшыдағы Дүр Оңғар ауылында «Парасатты поэзия» атты халықаралық фестиваль өтті.
Фестиваль Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақалалары аясында ақын, Мемлекеттік сыйлықтың иегерлері Фариза Оңғарсынованың 80 жылдығына және ақын, сыншы аудармашы Жарасқан Әбдрашұлының шығармашылығына арналып отыр.
Фестивальдің ашылуында аудан әкімі Мақашов Сұлтан Ысқақұлы бабалар аманатын адал сақтап бүгінге жеткізіп жүрген ақын-жазушыларымызға жаңа бастамаларына зор шығармашылық табыстар тілеп, ізгі лебізін жеткізді.
Жыр мерекесінде суретші, белгілі режиссер, сценарист Рүстем Әбдіраш сөз алып, шығармашылық саладағы жетістіктерге тоқталса, күйші, композитор, киноактер ұлы Әбілхайыр Әбдіраш қазақтың қара домбырасымен күйден шашу шашты. Сонымен бірге кітапхана қорына Жарасқан Әбдірашұлының кітаптарын табыстады.
Жыр кешін Қазақстан Жазушылар одағының, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Шәкизада Әбдікәрімов жүргізіп отырды.
Қонақтардың қатарында бауырлас қырғыз елінің ақыны Қарбалас Бакиров, Татарстан Республикасынан Рустем Галиуллин, Қазақстаннан Мейірхан Ақдәулет,Бекзат Смадияр Мирас Асан, Қызылордалықтар Ғазиза Әбілда, Асылзат Арыстанбек сынды ақын- жазушыларымыз бар.
Халықаралық жыр кеші қазақ әдебиетінде өзіндік қолтаңбасын қалдырған тұлғалардың сара жолын насихаттау мақсатында қолға алынған.
Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі
28 мамыр 2019 ж. 1 442 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10461)

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 (10460)

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (10459)

29 қараша 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 027
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 698

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031