» » ҚАРМАҚШЫДА ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫС САЯБАҒЫ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

ҚАРМАҚШЫДА ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫС САЯБАҒЫ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ


Бүгін 1 маусым- Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Жосалы кентінің орталығындағы жазғы демалыс саябағы жұмысын бастады.
«Нұрлы болашақ» тақырыбында бүлдіршіндердің арнайы дайындалған шарасы өтті.
Шараның ашылуында сөз сөйлеген аудан әкімі Мақашов Сұлтан Ысқақұлы бүлдіршіндер мен балаларға бүгінгі таңда жазғы мезгілде бос уақытты тиімді өткізуге барлық жағдай жасалып жатқандығын айтып, мерекемен барша жиналған көпшілікті құттықтады.
Саябақты жас кәсіпкер Салтанат сенімді басқаруына алып, ауданның көркейуіне өз үлесін қосам деуші кәсіпкерлердің басын қосты.
Демалыс саябағында "Көше кітапханасы" бұрышы бар. Көше кітапханасының ерекшеліге оқырман билетінсіз кітапты алып оқиды, алған кітабыңыздың орнына өзіңіз оқып болған үйдегі кітабыңызды өзге оқырмандарға оқуға әкеліп салып кетуіңізге болады. Көше кітапханасын ертегі кейіпкерлері ашты. Ертегі кейіпкерлері балаларға керемет мерекелік көңіл күй сыйлады.
Бұл күні жазғы демалыс саябағында аттракциондарға отырғызу тегін ұйымдастырылып, тәтті балмұздақтар тегін таратылды.
Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі
01 маусым 2019 ж. 1 476 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№61 (10429)

16 тамыз 2025 ж.

№60 (10428)

12 тамыз 2025 ж.

№59 (10427)

09 тамыз 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 227
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031