» » ДИЕТОЛОГТАРДЫҢ ШОКОЛАДҚА ТИЫМ САЛУЫ НЕГІЗСІЗ БОЛЫП ШЫҚТЫ

ДИЕТОЛОГТАРДЫҢ ШОКОЛАДҚА ТИЫМ САЛУЫ НЕГІЗСІЗ БОЛЫП ШЫҚТЫ


"Шоколад – өте пайдалы өнім", - деп жазды британиялық Harper's Bazaar басылымы. Әдетте диетологтар шоколад терінің қартаюы мен артық салмаққа алып келеді деген оймен оны рационнан алып тастауға кеңес береді. Кейбірі оны мүлдем тұтынбаған дұрыс деп санайды. Ал нутрициологтар бұл пікірмен келіспей отыр. Олар шоколадтың бірнеше артықшылығын алға тартады. Біріншіден, шоколад көңіл-күйді көтереді. Яғни, нақтырақ айтсақ, дәмі, хош иісі мен құрамына байланысты шоколад мидың көңіл-күйге жауап беретін бөлігіне әсер етеді. Шоколадтағы триптофан "қуаныш гормоны" аталып кеткен серотониннің көп бөлінуіне алып келеді екен. Сарапшылар шоколад жеген адам ғашық болғандай күй кешетінін айтады. Екіншіден, шоколад жүректің денсаулығы үшін пайдалы. Ол қан қысымын төмендетеді және қабынуға қарсы әсер ете алады. Үшіншіден, шоколад қан тамырларын холестеринді тотығудан қорғауға көмектеседі. Мұндай мүмкіндікті какао бұршақтарындағы флавоноидтар береді. Сондай-ақ, шоколад жөтелді басуға көмектеседі. Бұл оның құрамында теоброминнің болуымен байланысты. Бір қызығы, бұл десерт Альцгеймер ауруын алдын алуға жұмыс істейді. Сонымен, шоколадтың қайсысы ең пайдалы? Құрамының 70%-ы какаодан тұратын қара шоколадта флавоноидтар көп болады. Өзгесіне әуес болмаңыз.

Толығырақ: https://massaget.kz/layfstayl/Zdorove/56900/
25 сәуір 2019 ж. 881 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№5 (10373)

21 қаңтар 2025 ж.

№4 (10372)

18 қаңтар 2025 ж.

№3 (10371)

14 қаңтар 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 324
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031