» » ҚАЗАҚСТАН МЕН ТҮРКИЯ АРАСЫНДА САУДА АЙНАЛЫМЫ АРТАДЫ

ҚАЗАҚСТАН МЕН ТҮРКИЯ АРАСЫНДА САУДА АЙНАЛЫМЫ АРТАДЫ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан мен Түркия арасындағы сауда айналымы 10 миллиард АҚШ долларына жетуі тиіс. Екі елдің 2017-2020 жылдарға арналған «Жаңа синергия» бірлескен экономикалық бағдарламасында осындай меже белгіленген. Бұл туралы 24kz сайты хабарлады.

Осы бағытта қазақ-түрік ынтымақтастығын арттырып, инвесторларды елімізге тартып, бірлескен өндіріс аймақтарын құрып, ортақ жобаларды жүзеге асыру қажет. Түркиядағы елшіміз Абзал Сапарбекұлы Кайсери провинциясында кәсіпкерлерімен кездесіп, еліміздің инвестициялық мүмкіндіктерін таныстырды.
Инвесторларға көрсетілетін жеңілдіктер жайлы ақпарат та берді.
«Кайсери өндірістік аймағы – 42 жылдық тәжірибеге ие еліміздің ең алғашқы орталықтарының бірі. Бүгінде өндірістің аймағымызда 1300-ден астам компаниясында 70-75 мыңнан астам кісіні жұмыспен қамтамасыз етіп отырмыз. Бұл тәжірибемізді ата жұртта да қолдануды көздейміз. Егер Қазақстан бізге дайын өндірістік аймақпен қамтамасыз ететін болса, мұндағы тәжірибемізді бауырлас елде толық жүзеге асыруға дайынбыз», - дейді Кайсери өндірістік аймағының басқарма басшысы Тахир Нұрсачан.
 
Фото: ашық дереккөз
25 сәуір 2019 ж. 933 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№1 (10469)

06 қаңтар 2026 ж.

№100 (10468)

31 желтоқсан 2025 ж.

№99 (10467)

27 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 182
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 830

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031