ХАЛЫҚ ЖИЫНЫ
Наурыз айының 26-нан 27-не қараған түні белгісіз адамдардың қатысуымен бұзақылық орын алды. Соның әсерінен Ахметов көшесінің тұрғыны кент көшелерінің бірінде құқық бұзушылық салдарынан дене жарақатын алып, ауруханада ауыр жағдайда қайтыс болды. Осы орайда әлеуметтік пайдалы қызметке және қоғам мен өмірге ізгілікті көзқарас қалыптастырып, жастарды қылмысқа жол бермейтін қағидаларға тәрбиелеу қажет. Адам өмірі мен оның денсаулығынан асқан байлық жоқ,– деді аудан әкімі Сұлтан Мақашов. Ауданда болатын қылмыстың 20 проценті түннің екінші жартысында орын алады екен. Қылмыстың көп бөлігі ашылмай қалуда. Бұл жөнінде аудан әкімі аудандық ішкі істер бөлімінің басшысы Ерлан Әбдрамановқа қатаң тапсырма берді.
Шарада аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қаршыға Есдәулетов, аудандық қоғамдық кеңес төрайымы, аудандық мәслихат депутаты Күлжауһар Раева сөз сөйлеп, құқықбұзушылық пен қылмыстың алдын алу бағытында қоғам болып күресу басты міндет екенін жеткізді.
Шара барысында аудан тұрғындарына үндеу жариялап, қоғамдағы болып жатқан осы бір жайтқа ел болып қолға алып, қолдау білдіруге шақырды.
Баланың тәрбиесіне ең әуелі ата-ана жауапты. Әр ата-ана ұрпағының келешегін ойлау керек. Баласының қайда, не істеп жүргенін қадағалағаны дұрыс. Үйдегі баласының тәрбиесіне жауап бере алмаса, өзгеге қалай кінә артуға болады? Міне, осындай пікірді аудан тұрғындары жиын соңында ортаға салып, ұсыныс білдіреді.
Кездесуді қорытындылаған аудан әкімі Сұлтан Ысқақұлы мәселелердің орындалуын жеке бақылауына алатынын айтып, жоспарлы жұмыстардың маңыздылығына тоқталып, сала басшыларына нақты тапсырмалар берді. Қазіргі таңда, аудан бойынша қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында, аудан әкімдігінің бастамасымен кезекшілік кестесі бекітілді. Кезекшілік 2 ай көлемінде жүргізілетін болады.
А.САҒЫНТАЙ,
«Қармақшы таңы»