» » ЖҰЛДЫЗДЫ ШАҺАРДАҒЫ ЖАСТАР ЖИЫНЫ

ЖҰЛДЫЗДЫ ШАҺАРДАҒЫ ЖАСТАР ЖИЫНЫ

Өткен жұмада Байқоңыр қаласында «Нұр Отан» партиясы Байқоңыр қалалық филиалы мен Байқоңыр жас­тар ресурстық орталығы және «СП Бәйтерек» АҚ-ның бірлесе ұйымдас­­тыруымен бүгінде елімізде Елбасының қолдауымен жүзеге асып жатқан «Жас­тар жылы» мен Космонавтика күніне орай «Baikonur conus» атты конференция өтті.
Айтулы шараға облыстық жастар мәселесі басқармасының басшысы Қуа­ныш Жанұзақов, «Нұр Отан» партиясы Байқоңыр қалалық филиалы төрағасы­ның бірінші орынбасары Бақытбек Бекпанов, «Байқоңыр» кешеніндегі ҚР Президенті өкілінің қызметін қамтамасыз ету бас­қармасы басшысының орынбасары Мырзабек Демесінов, «ҚазҒарыш сапары» мекемесінің басқарма басшысы Аманкелді Бекішев, «СП Бәйтерек» АҚ-ның «Бай­қо­ңыр» кешеніндегі филиалы басшысы Мақсат Анаров, сондай-ақ облыстың барлық аудан әкімінің орынбасарлары, жастар ресурстық орталығы басшылары мен «Жас Отан» жастар қанатының төрағалары, партия белсенділері мен жас­тар қатысты.
Шара «СП Бәйтерек» АҚ қара­мағындағы №45 және 43 ұшыру алаңында орналасқан ракеталық қондырғылар мен оны ұшы­руға арналған құрылғылармен танысудан басталды. Бөлім басшысы Сырым Ынтымақов пен Павел Конапля және басқа да мамандардың баяндауымен ат­қарылып жатқан жұмыстарға зейін қой­ып, көкейлерінде жүрген сауалдарына тұщымды жауап алды.
Өткен ғасырдың елуінші жылдарында кеңестік аэроғалымдарының зерттеуімен жүргізілген жұмыстар нәтижесінде қа­зақ­тың ұлан-байтақ даласынан «Жер кіндігі» деп табылған қасиетті Қармақшы өңіріндегі осы бір аумақтан ғарышқа зымыран ұшыру алаңы таңдап алынды. Содан бері осы өңірден «Союз», «Зенит», «Протон», «Днепр», «Циклон» және «Энергия» атты ұшыру алаңдары салынып, көкке түрлі бағыттағы ракеталар ұшырылса, мыңдаған адам ғарышты сапарлап қайтты.
Міне, сол ұшыру алаңдарының бірі – «Зенит СМ» бүгінде Қазақстан-Ресей мемлекетінің бірлескен «СП Бәйтерек» АҚ құрамына алынып, қазақстандық ғарыш саласын дамытуға жемісті қызмет етуде. Мамандардың айтуынша «Зенит СМ» ұшыру алаңынан алғаш 1985 жылдың 13 сәуірінде жүк кораблі ұшырылса, соңғы рет 2017 жылдың 26 желтоқсанында жүк көлігін көкке көтерген. Міне, осы жылдар аралығында аталмыш алаңнан 48 рет ракета көкке жол салған.
Сонымен қатар, меймандар №45 ұшыру алаңындағы, яғни 1960 жылдың 29 қазанында Кеңес Одағының Маршалы Митрофан Неделиннің басшылығымен көкке ұшырылатын кезекті ракетаны тәжірибеден өткізу кезінде апат болған оқиға орнына барып, қаза тапқандар рухына тағзым ретінде орнатылған ескерткішке гүл шоғын қойды.
Содан соң «СП Бәйтерек» АҚ «Бай­қоңыр» кешенінің мәжіліс залында өткен конференцияға қатысты.
Конференцияда «Нұр Отан» партиясы Байқоңыр қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бақытбек Бекпанов филиал бойынша атқарылған және ал­дағы уақытқа мақсаттаған жоспарларды саралады.
Содан кейін сөз алған «Байқоңыр» кешеніндегі ҚР Президенті өкілдігінің қызметін қамтамасыз ету басқармасы басшысының орынбасары Мырзабек Демесінов Байқоңыр қаласының әлеуеті мен тұрғындардың тұрмыс-тіршілігін нығайтуда атқарылып жатқан ілкімді істерге, оның ішінде соңғы жылдары қала тұрғындарына әлеуметтік қызмет көрсетуде медициналық және халыққа қызмет көрсету орталығы, сондай-ақ бұған дейін ресейлік білім беру стандартымен оқытылған 5 мектеп пен 1 балабақша қазақстандық білім стандартына көшкенін, 1 мектеп мен 1 балабақша және 5 бес қабатты тұрғын үй салынғанын жеткізді. Сонымен бірге, ағымдағы жылы 7 үш қабатты тұрғын үй құрылысы бас­талмақшы және Бармин көшесіне күрделі жөндеу жұмысы жүргізілетінін айта келе, қаланы көгілдір отынға қосу да жоспарланып отырғанын және электр энергиясы мен ауыз су желісін модернизациялау, туризмді дамыту жұмысы жүргізілетінін тілге тиек етті.
Ал, содан кейін мінберге көтерілген об­лыстық жастар мәселесі басқармасының басшысы Қуаныш Жанұзақов облыста жастар саясатын қолдауда атқарылған және жоспарлы жұмыс жайын талқылай келе, облыстық статистикалық басқармасының берген мәліметі бойынша аймақта тұратын халықтың 24 пайызы жастар үлесінде екенін айтты, сонымен бірге, 14-29 жас аралығында 190101 жас тіркелгенін тілге тиек етті. 2019 жылдың басынан бері өңірде аймақ басшысының қолдауымен жастарды барынша кәсіпке, білімге, жалпы алғанда еңбекке баулуда 44 жоба жүзеге асырылса, оның 29-ы қала және аудандық, ал 15-і облыстық деңгейде жүзеге асырылуда. Ал, Байқоңыр өңіріндегі жастар саясатын қолдауда 2017 жылдан бастап, Қызылорда облысы және РФ Байқоңыр қаласы арасындағы жастардың өзара әріптестік қызметінің жұмысын ұйымдастыру жобасы аясында облыс әкімі Қ.Көшербаев пен қала әкімшілігінің басшысы К.Бусыгинмен бекітілген жоспар негізінде тығыз байланысты жұмыс істеуде. Мәселен қала жастары 2017 жылы 46, өткен жылы 38 шара, ал ағымдағы жылдың осы кезеңіне дейін 57 өткізілді. Байқоңырдағы қалалық жастар ресурстық орталығында бүгінгі таңда 5 штаттық қызметкер, 4 жастар тәжірибесімен және 9 жас маман қоғамдық жұмыспен қамтылған жас маман жұмыс істейді. Сонымен қатар, қаладағы жастар саны 10751 болса, білім жолын таңдап, әр аймаққа кеткендер саны 1839. Байқоңыр қаласында бүгінде 1 жоғары оқу орнында 683 бала, 4 арнаулы оқу орнында 1130 студент білім алуда. Ал шетелдерде білім алатын бала саны 13. Сонымен бірге, жастар саясатын қолдауда қала орталығындағы Абай даңғылы, №2 үй ғимаратының ІІ қабатынан жастар ресурстық орталығын ашу жоспарлануда. Сондай-ақ, облыс бойынша дарынды жастарды марапаттау мақсатында «Сыр үміті» және «Ғани Мұратбаев» атындағы сыйлық тағайындалғанын айта келе, жастардың туған жердің өсіп-өркендеуіне қосып келе жатқан үлесіне де тоқталды. Кәсіпкерлік саласында да қол жеткізген жетістіктерді мәлімдеді. «Kyzulorda Business Hub», «Жасыл ел», «Еңбек», «Жас отбасыларға баспана», тағы басқа да бағдарламалар бойынша жастарға қолдау көрсетілетінін жеткізді. Ал, «СП Бәйтерек» АҚ-ның «Байқоңыр» кешеніндегі филиалы басшысы Мақсат Анаров өз сөзінде мекемеде еңбек ететін 170 азаматтың 92 проценті қазақстандық екенін, алдағы уақытта мекеме қызметкерлері мен жұмысшылар санын 500-ге жеткізу жоспарда бар екенін тілге тиек етті. Сонымен қатар, мекеме қызметкерлерінің барлығы да біліктілік дәрежесінен өтіп, өз ісінің майталмандары екенін айтты.
Жиында қала әкімшілігіне қарасты мәдениет, спорт, жастар саясаты және туризм басқармасына қарасты жастар мәселесі бөлімінің басшысы Татьяна Сафронова қаладағы Ресей мен Қазақстан жастары арасындағы достық қарым-қатынасты нығайту мақсатына арналған жобалардың іске асырылуы, «Нұр Отан» Жастар қанатының төрағасы Талғат Тілес пен «ҚазҒарыш сапары» кәсіпорнының басқарма басшысы Аманкелді Бекішовтер өздері басқаратын мекемелер бойынша атқарылып жатқан ілкімді істерге тоқталды.
Конференция соңында «Нұр Отан» партиясы Байқоңыр филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бақытбек Бекпанов осындай тағылымды іс-шараны өткізуге атсалысқан бір топ азаматқа алғыс хат тапсырды.
Конференцияға қатысушылар одан әрі Байқоңыр қаласына жол тартып, қаладағы мұрайжайға бас сұқты. Мұрайжайдағы қала тарихын әспеттейтін құнды жәдігерлерді тамашалап, суретке түсті. Содан кейін сол күні қала тұрғындары атап өтіп жатқан 12-сәуір Ғарышкерлер күні мерекесіне арналған салтанатты шараның құрметті қонағы болды.

Нұрбай ЖАНӘДІЛОВ,
Байқоңыр қаласы.

18 сәуір 2019 ж. 563 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

№90 (10355)

12 қараша 2024 ж.

№89 (10354)

09 қараша 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 161

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930