» » Виртуалды түрде қаралған 3 әкімшілік іс медиация тәртібімен тоқтатылды

Виртуалды түрде қаралған 3 әкімшілік іс медиация тәртібімен тоқтатылды


Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасындағы сот жүйесінде барлық қызмет түрлерін пайдалана отырып, сотқа баруды қажет етпей-ақ, онлайн тәртібінде сот мәжілісіне қатысуға болады.

Қармақшы аудандық сотында бір күн ішінде «Виртуалды сот» пилоттық жобасы аясында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 73-1 бабының 1-бөлігімен қозғалған әкімшілік істер қаралды.

Азаматтар А.,Е.,Н. Қармақшы ауданы, Төретам кенті, Шүкіров көшесі №18 үйдің ауласында жәбірленуші С.-ны ұрып-соғып, денсаулығының қысқа уақытқа бұзылуына немесе жалпы еңбек қабілетін тұрақты түрде болмашы жоғалтуға әкеп соққан денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтірген.

Іс бойынша жәбірленуші М. және азаматтар А.,Е.,Н. Төретам кенті әкімшілік ғимаратында сот мәжілісіне бейнеконференцбайланыс арқылы қатысты. Сотта әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалған тұлғалар А.,Е.,Н. кінәлерін толық мойындап, қазіргі уақытта жәбірленуші С.-дан кешірім алып, медиация бойынша бітімгершілікке келгендерін бекітті.

Соттың қаулысымен әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалған тұлғалар А.,Е.,Н. әкімшілік жауаптылықтан босатылып, әкімшілік іс жәбірленушімен медиация арқылы бітімгершілікке келуіне және ҚР ӘҚБтК-нің 64 бабына сәйкес өндірістен тоқтатылды.

Қайнар:

Қармақшы аудандық сотының баспасөз қызметі
18 сәуір 2019 ж. 903 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№72 (10440)

23 қыркүйек 2025 ж.

№71 (10439)

20 қыркүйек 2025 ж.

№70 (10438)

16 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 475
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 277

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930