» » Жалақыны арттыру тәртібін түсіндірді

Жалақыны арттыру тәртібін түсіндірді

Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова білім беру саласында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы Үкіметте өткен баспасөз конференциясында айтып берді. Оның айтуынша, 2019 жылғы 1 маусымнан бастап білім беру саласының қызметкерлері жаңа есептеу кестесі бойынша еңбекақы ала бастайды. Бюджет саласының төменгі жалақы алатын қызметкерлерінің жалақысын есептеуге коэффициенттердің жаңа кестесі енгізіледі.
– Білім беру ұйымдары қыз­мет­керлері жалақысын 10-нан 30 пайызға дейін сараланған түрде ұлғайту жос­парлануда. Коэффициенттер кестесі білім беру деңгейіне, біліктілікке, жұмыс жағдайына қарай негізгі буындағы қызметкерлерге (оған колледж оқытушылары, мұғалімдер, психологтар, әлеуметтік педагогтар, балабақша тәрбиешілері, қосымша білім беру саласының педагогтары жатады); көмекші қызметкерлерге (балабақшалардағы бала бағу­шы­лар, мекемелерді тазалайтын қызметкерлер, аула тазалаушылар, күзетшілер) және басқарушыларға (колледж, мектептер басшылары, балабақша меңгерушілері) қатысты болады. Сөйтіп бюджет саласының аз жалақы алатын қызметкерлерінің еңбекақысын арттыруға бөлінген қаражаттың 75 пайызы білім саласына жұмсалады, – деді К.Шәмшидинова. 
Сондай-ақ Білім және ғылым министрі 2018 жылдан бастап 208 мың мұғалім білім берудің жаңар­тылған мазмұны бойынша 30 па­йыздық қосымша ақы, біліктілік сынақтарын сәтті тапсырған 60 мың мұғалім 30-50 пайыз аралығында үстемеақы алатынын атап өтті.
«Тестілеуге педагогтар жылына екі рет – мамыр және қараша айларында қатысады. Үш жыл ішінде біліктілік арттыру курстарынан орта білім берудің жаңартылған мазмұны бойынша 144 мың мұғалім, 82 мың психолог және сынып жетекшілері, 15 мың колледждің инженерлік-педагогикалық қызметкері, 2,4 мың ЖОО оқытушылары өтеді», деді К.Шәмшидинова.
Оның айтуынша, мектептегі оқу бағдарламаларына интеграциялау, АT-дағдыларды дамыту, жобалық және зерттеу жұмыстарын жүргізу, білім беруді интеграциялау және оларды тәжірибе жүзінде қолдану, оқу жоспарын толықтыратын және балаларды дамытуға бағытталған сыныптан тыс іс-шаралар жалғасады.
ТжКББ және жоғары білім жүйесінде білім беру бағдарламаларын жаңарту еңбек нарығының талаптарын, кәсіптік стандарттарды, WorldSkills стандарттарын, жетекші шетел университеттерімен білім беру бағдарламаларын үйлестіруді, кәсіпкерлік негіздерін, жобалық білім беруді ескере отырып жалғасады.
«Студенттерді волонтерлік қызметке тарту туралы Елбасының тапсырмаларын орындау үшін во­лонтерлік ваучер жүйесін енгізу бас­талады: 25 сағатқа – 25 мың теңге және екі кредитті қайта тапсы­рып, 50 сағатқа – 50 мың теңге алып, 5 кредитті қайта тапсырады. Осы­лайша, белсенді студенттер өз баста­ма­ларын көрсетіп қана қоймай, сонымен қатар өздерінің кірістерін көбей­тіп, ерекше қажеттіліктері бар балалармен жұмыс істейді, кәмелет жасқа толмаған девианттық мінез-құлқы бар балалармен, егде жастағы балалармен әлеуметтік жұмыс жүргізіп, репетиторлықпен айналысады», деді Білім және ғылым министрі.
К.Шәмшидинова журналистер қойған сұрақтардың бәріне жауап берді. Соның ішінде жалақының өсуі балабақшалардағы тәрбиешілермен қатар олардың көмекшісі аталатын бала күтушілерге де қатысты екенін ашып айтты. Сондай-ақ мектеп бітірушілердің дәстүрлі қоштасу кешін өткізуі кейінгі кезде бәсекеге, аста-төк шараға айналып кеткенін айтып, алдағы уақытта ата-аналар мен мектеп бітірушілерді бұл мәселе жөнінде ойлануға шақырды. «Мұндай шара кезінде ең бастысы, қауіпсіздік мәселесі қатаң ескерілуі керек, сондықтан қоштасу кештерін өткізу жарысқа айналмай, мектеп аумағында өткені дұрыс және мұндай шара үшін арнайы көйлектер тіктіріп те қажеті жоқ», деді.



egemen.kz

16 сәуір 2019 ж. 1 231 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 039

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031