» » Шәмшидинова 1 маусымнан бастап қай санаттағы мұғалімдердің жалақысы көтерілетінін айтты

Шәмшидинова 1 маусымнан бастап қай санаттағы мұғалімдердің жалақысы көтерілетінін айтты

Елбасының «Әлеуметтік қамқорлық» бастамасын іске асыру жолында 1 маусымнан бастап мұғалімдердің жалақысы көтеріледі. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында айтты.

«Негізінен еңбек өтілін енді бастап жатқан жас мұғалімдер, психологтар, әлеуметтік психологтар, балабақша жетекшілері, тәрбиешілер және олардың көмекшілерінің жалақысы өседі. Сонымен қатар, білім беру жүйесінде қосымша жұмыс істейтін қызметкерлердің жалақысы көтерілетін болады», - деді Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі

Сонымен қатар, Күләш Шәмшидинова қосымша көмекші тұлғалардың да еңбекақысы өсетінін жеткізді. Яғни, балабақшадағы еден жуатын тұлғалар, күзетшілер, отжағушылар, электрик, сантехниктердің де жалақысы өседі.

«Басқарушы басқармаға жататындардың да еңбегі өседі. Олар мектеп директорлары, директор орынбасарлары, балабақшалардың басшылары», - деп белгілеп өтті Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі. 
Еске сала кетсек, 2018 жылғы 5 наурызда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа үндеу жасаған.

Аталған үндеудің екінші бастамасы «Жалақысы төмен жұмысшылардың еңбекақысын көбейту үшін олардың салық жүктемесін азайту» туралы болды. 

«Салыстырмалы түрде жалақысы төмен қазақстандықтарды қолдау үшін 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап олардың салық жүктемесін 10 есеге азайтып, 1 процент қана салық салуды ұсынамын. Ай сайын ең төменгі есептік көрсеткіштің 25 еселенген көлемінен аз жалақы алатындарға салынатын жеке табыс салығын азайту арқылы олардың салық жүктемесін жеңілдету керек. Ал осылайша салықты азайтудан шығатын қаржы олардың жалақысын көбейтуге жұмсалуы қажет. Нәтижесінде, еліміздегі барша жалдамалы жұмыскерлердің кемінде үштен бірінің, бұл 2 миллионнан астам адам, жалақысы жұмыс берушіге салмақ салмай-ақ көбейетін болады. Әрі қарай Үкімет табыс салығының прогрессивті шкаласын енгізу мүмкіндігін зерделеуі керек», - деді Елбасы Қазақстан халқына жасаған үндеуінде.

baq.kz

15 сәуір 2019 ж. 3 125 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 021

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031