» » 2019 жылы 2 миллионнан астам халықтың жалақысы өседі - Президент

2019 жылы 2 миллионнан астам халықтың жалақысы өседі - Президент

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев парламент палаталарының бірлескен отырысында халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған өзінің жаңа бес әлеуметтік бастамасын жария етті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Екінші бастама – еңбекақысы аз қызметкерлердің жалақысын көтеру үшін салық жүктемесін төмендету. Салыстырмалы түрде төмен жалақы алатын қазақстандықтарды қолдау мақсатында 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап олардың салық жүктемесін он есе төмендетуді ұсынамын. Яғни, салық мөлшері 1% ғана болады. Ең төменгі айлық есептік көрсеткіштің 25 еселік мөлшерінен төмен жалақы алатындар бір пайыз жеке табыс салығын төлейтін болады. Осындай қадамның нәтижесінде босайтын қаражат олардың жалақысын өсіруге бағытталуы тиіс", — деп мәлім етті Назарбаев.
Елбасының айтуынша, осы жұмыстардың нәтижесінде елдегі жалдамалы жұмысшылардың кемінде үштен бір бөлігінің жалақысы өседі.
"Ал бұл — екі миллионнан астам адам. Әрі жұмыс берушілерге ешқандай ауыртпалық түспейді. Алдағы уақытта үкімет табыс салығының прогрессивтік шкаласын енгізу мүмкіндігін зерделеуі керек", — деді мемлекет басшысы.
06 наурыз 2018 ж. 2 545 2

Гость MaxTurrart от 27 ақпан 2019 16:37
2019 жылы 2 миллионнан астам халы?ты? жала?ысы ?седі - Президент » ?арма?шы та?ы Скачать торрент можно тут www.ungames.ru

JeaCold от 14 наурыз 2019 21:56
Viagra Precio Espana Viagra Bestellen Per Uberweisung Reaction To Amoxil cialis 20mg for sale Viagra Pour Elle Viagra Danger

PDF нұсқалар мұрағаты

№79 (10547)

16 қазан 2026 ж.

№78 (10546)

13 қазан 2026 ж.

№77 (10545)

10 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 066
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 279

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031