» » ОТАНДЫ ҚОРҒАУ – АБЫРОЙЛЫ МІНДЕТ

ОТАНДЫ ҚОРҒАУ – АБЫРОЙЛЫ МІНДЕТ

Өз еркімен әскерге барамын деген азаматтар саны жылдан жылға өсіп келеді. «Отан үшін отқа түс – күймейсің» деген Бауыржан батырдың ұлағатты сөзі әрбір жастың жүрегінен орын тауып жатыр десек болады.

Аудан әкімдігінің тероризм профилактикасы, жұмылдыру дайындығы, азаматтық және аумақтық қорғаныс жұмыстары бөлімінің ұйымдастыруымен Отан алдындағы борышын өтейтін азаматтармен және олардың ата –аналарымен кездесу өткізді.

Шарада аудан әкімінің орынбасары Меңлібаев Еркебұлан Қайырбекұлы сөз сөйлеп, Отан алдындағы азаматтық борышын өтетін азаматтарға сәттілік тіледі.

Сонымен бірге шараға аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі бастығының міндетін аткарушы Тұрғанов Рүстем Маматұлы, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Есдәулетов Қаршыға, аудандық Ауған соғысы ардагерлері қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ерманов Асқар қатысып, өздерінің ой-пікірлерімен бөлісті.

Қазіргі таңда әскерге көктемгі шақыру кезеңіне аудандық медициналық комиссиядан өтіп, облысқа жолдама алған жастар Отан алдындағы борыштарын ақтық демдері қалғанша өтеуге дайын екендерін жеткізді.

Сонымен бірге кездесуде облыстық медициналық комиссияға жолдама алған жастардың ата-аналары пікірлерін білдіріп, жастарға сәттілік тіледі.

Жалпы, Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінде немесе басқа да әскери құралымдарда қызмет ету үшін денсаулық жағдайы талаптарына сәйкес өте алмай қалған азаматтар үшін емделуге 3 айдан 1 жылға дейінгі мерзім беріледі.

Емделгеннен кейін аталған азаматтар қайта медициналық тесерістен өтіп, егер жараса әскерге жеберіледі.

#Қызылордаоблысы
#Қармақшыауданы
15 сәуір 2019 ж. 1 219 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№90 (10355)

12 қараша 2024 ж.

№89 (10354)

09 қараша 2024 ж.

№88 (10353)

05 қараша 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 111

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930