» » ҚҚС төлеушілердің барлығы электрондық шот-фактураларды жазып беруге міндетті

ҚҚС төлеушілердің барлығы электрондық шот-фактураларды жазып беруге міндетті

Салық кодексінің 412-бабына сәйкес 2019 жылдың 1-қаңтарынан бастап ҚҚС төлеушілердің барлығы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу барысында шот-фактураларды электронды түрде, яғни ЭШФ ақпараттық жүйесі арқылы жазып беруге міндетті.
ҚҚС төлеушілерден бөлек, ЭШФ жазып беру бойынша міндеттеме, ҚҚС бойынша есебіне тұрмағанына қарамастан, салық төлеушілердің үш санаты үшін де қарастырылған. Олар:
•- қосылған құн салығын төлеуші болып табылмайтын комиссионерлер мен экспедиторлар;
•- импортталған тауарларды өткізетін салық төлеушілер.
•- Тауарларды шығару тізбесіне қосылған тауарларды өткізетін салық төлеушілер; Тізбеге кіретін автокөлік өткізгенде Виртуальды қойма арқылы жүргізіледі. 2019 жылдың 5-қаңтарында Виртуальды қойма модулі арқылы есепке алып, өткізілуі қажет қосымша тауарлар тізімі бекітілді.
Қазіргі уақытта, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің «Әкелу кедендік бажы қолданылатын тауарлар тізбесін, мөлшерлемелер көлемін және олардың қолданылу мерзімін бекіту туралы» 2017 жылғы 9-ақпандағы №58 бұйрығымен актуалдандырылған Тауарларды шығару тізбесі бекітілген. Аталған тауарлар тізбесін ҚР ҚМ МКК ресми интернет-ресурсында «ДСҰ» бөлімінен көруге болады.
Салық кодексімен шот-фактураны жазбауға болатын жағдайлар қарастырылған:
- есеп айырысулары сатып алушыға бақылау-касса машинасының чегін ұсына отырып, қолма-қол ақшамен және көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу терминалдары арқылы; төлем карточкаларын пайдаланып, төлемдерді жүзеге асыруға арналған жабдықты (құрылғыны) қолдана отырып жүзеге асырылатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер өткізілген жағдайда;
- есеп айырысулары электрондық ақшамен немесе электрондық төлем құралдарын пайдалана отырып жүзеге асырылатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер жеке тұлғаларға өткізілген жағдайда;
- жеке тұлғаға ұсынылған коммуналдық көрсетілетін қызметтер, байланыс қызметтері үшін есеп айырысулар екінші деңгейдегі банктер, пошта операторы арқылы жүзеге асырылған жағдайда;
- теміржол немесе әуе көлігімен жолаушыны тасымалдау қағаз жеткізгіштегі жол жүру билетімен, электрондық билетпен немесе электрондық жол жүру құжатымен ресімделген жағдайда;
- тауар дара кәсіпкер немесе жеке практикамен айналысатын адам болып табылмайтын жеке тұлғаға өтеусіз берілген жағдайда.
Осылайша, ЭШФ жазып беруге міндетті тұлғалар жоғарыда аталған жағдайларда, Тізбеге қосылған тауарларды қоспағанда, шот-фактураларды жазып бермеуге құқығы бар.
Тізбедегі тауарлар бойынша, ЭШФ жазып беру Қағидасында белгіленгендей, бір күн ішінде жеке тұлғаларға Тізбедегі тауарларды өткізген жағдайда жалпылама бір ЭШФ жазып беруге болады, онда өткізілген тауарлардың жалпы саны әрбір түрі бойынша жекелеп көрсетіледі.
Бұл ретте, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы ҚР Кодексімен (280-1-бабы) ЭШФ-ны жазып бермегені немесе уақытылы жазып бермегені үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.
Н.БЕКТУРГАНОВ,
Қармақшы ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер
басқармасының бас маманы.
09 сәуір 2019 ж. 835 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031