» » ӘЙЕЛ- АНАҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ

ӘЙЕЛ- АНАҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ

Ұлыстың ұлы күнінде «Қармақшы ата» мешітінде Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің әйелдер-қыздар секторының меңгерушісі Ләззат Сыдықова жергілікті нәзік жандармен кездесті.
Оған аналар, қыз-келіншектер қатысты. Дін өкілі әйел жамағатына «Ислам дініндегі ұят» тақырыбында уағыз айтып, қатысушы тарапынан берілген сұрақ-сауалға жан-жақты жауап қайтарды. Басқосуда қажы ана Күлән Ибраимова қыз-келіншектерге қасиетті Меккенің зәм-зәм суынан ішкізіп, ақ батасын берді. Шарада мерекелік дастархан жайылып, дәмнен ауыз тиілді. Сондай-ақ, тұрмысы төмен, көпбалалы 10 отбасына азық-түлікпен қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды.
– Мақсат – Наурыз мерекесінде әйел-аналарға құрмет көрсету, – дейді мешіттің бас имамы Жақсыбек қажы.
Сәрсенкүл РАЙЫМБАЕВА,
«Қармақшы таңы».
27 наурыз 2019 ж. 1 182 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№79 (10547)

16 қазан 2026 ж.

№78 (10546)

13 қазан 2026 ж.

№77 (10545)

10 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 079
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 288

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031