» » Қызылорда гарнизонының жауынгерлік әзірлігі тексерілді

Қызылорда гарнизонының жауынгерлік әзірлігі тексерілді


Қорғаныс ведомствосы басшысының міндетін атқарушысы Нұрлан Ермекбаев Қызылорда гарнизонына барып, ондағы өңірде шоғырланған әскери бөлімдер мен мекемелердің жұмысын тексерді, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz ҚР Қорғаныс министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

 

Қорғаныс министрінің міндетін атқарушысы өңірдің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, оның ішінде, диверсияға қарсы және терроризмге қарсы қызметіне әзірліктері көрсетілді. Өңірдегі кез келген қауіп-қатерге тйотарыс беру үшін әскерлердің жауынгерлік әзірлігін ұстап тұру қажеттілігіне айрықша көңіл бөлінді.  
Облыс басшылығымен кездесу барысында аумақтық қорғаныс мәселелері және шақыруды ұйымдастыру талқыланды.
Әскери қызметшілердің жауынгерлік даярлығы мен олардың қару-жарақ пен әскери техниканың заманауи үлгілерімен техникалық жабдықталуы қорғаныс функцияларын орындап қана қоймай, сонымен бірге, шөлді жердің ауыр жағдайларындағы орындарда арнайы операцияларды орындауға мүмкіндік беретінін айта кеткен жөн.
Сапар барысында облыстың қорғаныс істері жөніндегі департаментінің жұмысына ерекше мән берілді.
 Көктемгі мерзімді әскери қызметке шақырудың басталуына орай қорғаныс ведомствосы басшысының міндетін атқарушысы шақыру және медициналық комиссиялардың әзірлігі туралы баяндалды.  
Тексеру қорытындысы бойынша Нұрлан Ермекбаев шақырылушыларды одан әрі сапалы іріктеу бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді.
 Бұл ретте атүстілікті, бұзушылықты және олардың тарапынан шағымның түсуін болдырмай олармен жән олардың ата-аналарымен көрнекі жұмыс жүргізуге жіті назар аударды.
Сондай-ақ қорғаныс ведомствосы  басшысының міндетін атқарушысы кез келген құқық бұзушылықтар мен сыбайлас жемқорлықтың көріністеріне «мүлдем төзбеу» керек екенін еске салып өтті.  
Одан басқа, оларға әскреи оқу орындарына оқуға түсу және әскери қызметтің әрі қарайғы перспективалары туралы мектеп түлектерімен түсіндіру жұмысын жүргізу бойынша ұсынымдар берді.
Қызылорда гарнизонының инфрақұрылымы мен оқу-материалдық базасын тексеруден басқа Қорғаныс министрінің міндетін атқарушысы жеке құраммен әңгімелесіп, әскери қызметшілердің қызмет өткеру жағдайларымен танысты. Гарнизонның кейбір әскери бөлімдерінің штаттық құрылымын ұйымдастыруды жетілдіру жөніндегі мәселелер де назардан тыс қалған жоқ.
Жалпы алғанда, жұмыс сапары орындарда өңірдегі жауынгерлік даярлықтың жай-күйімен және сапасымен танысуға, әскери қызметшілерді әлеуметтік қамтамасыз етудің өзекті мәселелерін айқындауға мүмкіндік берді.

25 ақпан 2019 ж. 845 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 045

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031