» » БІЛІММЕН АЛАР БЕЛЕС КӨП

БІЛІММЕН АЛАР БЕЛЕС КӨП

Елбасының жыл сайынғы Жол­дауын Қазақстан халқы асыға күтеді. Өйткені, ол баршамыз үшін бола­шаққа бағыт сілтер бағдаршам іспетті. Ертеңіне елеңдеп отыратын жұртшылық үшін бұл Жолдау да жақсы жаңалықтарға толы болды.
Әрбір Жолдауында Ұлт көшбас­шысы халықтың жағдайына айрықша назар аударатыны байқалады. Күні бүгінге дейін белгіленген міндет­тердің бәрі жыл өткен сайын орын­далу үстінде. Өз тәуелсіздігінің жиыр­ма алты жылын артта қал­дырған егеменді еліміз бүгінде жаңа эко­­но­микалық өрлеу жолында.
Н.Назарбаевтың биылғы Жол­­дау­ын­да білім беру саласына айрықша мән берілген.
– 2019 жылдың 1 қыркүйегіне қарай мектепке дейінгі білім беру ісінде балалардың ерте дамуы үшін өз бетінше оқу машығы мен әлеу­­­меттік дағдысын дамытатын бағдарламалардың бірың­ғай стан­дартын енгізу қажет. Педагог­тарды оқыту және олардың біліктілігін арттыру жолдарын қайта қарау керек болады, – деген Елбасы сөзінен мұғ­а­лімдерге оқу сапасын күшейту мақ­сатында зор міндет жүктеп отыр­ға­нын аңғаруға болады.
Алға қойылған межелі міндет оры­ндалса, мақсаттың да жүзеге асуы оңай.
Жаңа құжаттағы жағымды жаңа­лық­тарды барлық саланы қамтитын және үздіксіз өсуді қамта­масыз ететін жаңғыру жолы деуге болады.
Биіктерді бағындырар даңғыл жолға бағыт бар, тек салынған сара жолмен сүрінбей жүріп өту, сөйтіп еңселі елдер бағындырған белес­терге жету тек өзіміздің ғана қолымызда.
Г.БЕКМАХАНОВА,
№7 «Шаттық» балабақшасының тәрбиешісі.
31 қаңтар 2018 ж. 1 236 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№88 (10456)

18 қараша 2025 ж.

№87 (10455)

15 қараша 2025 ж.

№86 (10454)

11 қараша 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 879
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 591

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930