» » Елімізде eGov.kz порталын пайдаланушылар саны 8,6 миллионнан асты

Елімізде eGov.kz порталын пайдаланушылар саны 8,6 миллионнан асты

Орталық коммуникациялар қызметі (ОКҚ) алаңында «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ қызметінің негізгі бағыттары бойынша 2018 жылдың қорытындысы аясында eGOV.kz «Электрондық үкімет» порталында атқарылған жұмыстарын жариялап, 2019 жылға арналған жоспарларымен бөлісті.
Іс-шараға «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ басқарма төрағасы Әсет Тұрысов, «ҰАТ» АҚ ,асқарма төрағасының орынбасары Дәулет Бекманов, «ҰАТ» АҚ ақпараттық қауіпсіздік департаментінің директоры Ғани Нәдірханов және басқарманың т.б. өкілдері қатысты. 
2018 жылы «ҰАТ» АҚ-мен сүйемелденетін ақпараттық жүйелердің қолжетімділігінің индексі 99,95%-ды құрады (жоспар бойынша 99%).
«ҰАТ» АҚ-ның халыққа көрсететін мемлекеттік қызметтерінің ең басты бағыты болып табылатын eGov.kz порталын соңғы 10 жылда пайдаланушылардың саны 800 есеге жуықтады. Яғни 2009 жылы 10960 пайдаланушы болса, бүгінгі күні олардың жалпы саны 8,6 миллионнан асады.
2018 жылы eGov.kz арқылы аударылған транзакциялар сомасы 18,5 млрд теңгеден астам соманы құрады. 
Портал арқылы қолданыстағы 235 қызмет пен сервис бойынша 27,5 млн-нан астам мемлекеттік қызмет көрсетілсе, ал Telegram-бот арқылы 24 электрондық қызмет бойынша 141 мың адамнан 160 мың сұрау келіп түсті.
Жыл қорытындысы бойынша Telegram мессенджерінде азаматтар тарапынан ең көп қолданылған қызмет – мекенжай анықтамасы, бұл қызмет бойынша 60 мыңнан астам рет анықтама сұратылса, ал соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтама шамамен 20 мың рет сұралған.
eGov.kz порталының 5 қызметі Касса 24 терминалдарында тәжірибелік пайдалануға берілді.
«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында виртуалды кеңес беру бағдарламасы (чат-бот) енгізілуде. Қазіргі уақытта чат-бот тестілік режимде 1414.kz форумында, eGov.kz порталында іске қосылды. «ҰАТ» АҚ басқарма төрағасы Әсет Тұрысовтың мәлімдеуінше, виртуалды кеңес беру бағдарламасы көрсетілетін 33 мемлекеттік қызмет бойынша 299 сұраққа жауап бере алады.
Сонымен қатар Mgov қосымшасы ақпараттық қауіпсіздік сәйкестігі бойынша аттестаттаудан сәтті өтіп, бүгінгі күні азаматтарға қосымша арқылы 90-ға жуық қызмет, ал @EgovKzBot телеграмы арқылы 24 қызмет қолжетімді.
Өткен жылы mGov қосымшасы 1,3 млн рет жүктеліп, 2017 жылмен салыстырғанда 58%-ға немесе 2 еседен астам көрсеткішке артты. Ал қосымша арқылы 3,6 млн-нан астам мемлекеттік қызмет көрсетілді.
ҚР ҰҚК Ақпараттық қауіпсіздікті ұлттық үйлестіру орталығымен бірлесіп, 2019 жылы Киберқауіпсіздік  оқиғаларына қарсы әрекет ету  жөніндегі Security Operation Center құрылады.
2018 жылы қауіпсіздік жүйесінде 142 930 274 шабуыл тіркеліп, бұғатталды. Жалпы SOC-тың негізгі артықшылығы  – ақпараттық қауіпсіздік оқиғалары туралы деректерге тұрақты мониторинг және талдау жүргізу арқылы оларды анықтау процесін жақсарту.
Әсет Тұрысовтың айтуынша, 2019 жылы «Smart Bridge» жобасын жүзеге асыру жоспарлануда. «Smart Bridge» жобасы - бұл мемлекеттік органдар мен жеке меншік сектор арасындағы ақпараттық жүйелерді оңтайландырудың жеңілдетілген процесі, сондай-ақ back платформа базасында Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін жүйелік-техникалық сүйемелдеу.

Ақпарат көзі: «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ

18 ақпан 2019 ж. 753 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 051

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031