» » Көлік жүргізуші, айыппұл төлеудің тәртібін білесіз бе?

Көлік жүргізуші, айыппұл төлеудің тәртібін білесіз бе?


Kyzylorda-news.kz Қызылорда облысы Полиция департаментінің мәліметі негізінде айыппұл төлеу туралы толық ақпаратты назарларыңызға ұсынады.

 

Қандай жағдайларда әкімшілік айыппұлды 50 пайыздық жеңілдікпен төлеуге болады?
Облыс тұрғындарының салынған әкімшілік айыппұлды 50 пайыздық жеңілдікпен төлеу мүмкіндігі жөнінде бірі білсе, бірі біле қоймас. Егер, полиция қызметкері Сізге қатысты әкімшілік хаттаманы рәсімдеу барысында, Сіз өз кінәңізді мойындап жазасымен келіссеңіз 7 тәулік ішінде салынған айыппұлдың 50 пайызын төлеу мүмкіндігін пайдалана аласыз. Сонымен қатар, әкімшілік істің басқа да жаза түрлері болмаса, мысалға жүргізу құқығынан айыру, әкімшілік қамау.
Мысалы, егер жүргізушіге қатысты қауіпсіздік белдігін тақпағаныңыз үшін әкімшілік хаттама рәсімделсе, оған 5 АЕК, яғни 12625 теңге айыппұл салынады. Осы жағдайда жүргізуші өз кінәсін мойындап, салынған айыппұлмен келіссе ол айыппұлдың 50 пайызын, яғни осы жағдайда 6312,5 теңгені 7 тәулік ішінде айыппұл төлеуге құқығы бар. Полиция қызметкері әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманың көшірмесін және белгіленген үлгідегі түбіртекпен бірге жүргізушіге тапсырады. Айта кететін жайт, төленген түбіртекті жүргізуші әкімшілік практика бөліміне тапсыруы қажет. Көп жағдайларда тұрғындар бұл мән-жайларды ескермей, түсініспеушілікке әкеп соқтырады. Алайда барлығы Заң аясында.

Айыппұлды қайда және қалай төлейді?
Айыппұлды төлеудің бірнеше жолдары бар. Бүгінгі таңда айыппұлды әдеттегі кассалардан бөлек екінші дәрежелі банктердің терминалдары арқылы төлеуге де болады. Бюджеттік сыныптама коды – 2014106, айыппұлды төлеуге әкімшілік хаттама нөмірі де крек. Сонымен қатар, айыппұлды egov.kz электронды сайты арқылы да төлеуге болады.
Еgov.kz электронды сайты арқылы айыппұлды төлеу үшін құқық бұзушының ЖСН болуы тиіс. Төлеген соң төлем парақшасын шығарып ала аласыз.
Қызылорда қаласы Жібек Жолы көшесі №22 мекен жайында орналасқан Жергілікті полиция қызметінің ғимаратындағы әкімшілік практика бөлімінде кассадан бөлек терминал және Еgov.kz электронды сайты арқылы да төлей аласыз. Қала тұрғындарына төлеуге кеңесшілер көмек көрсетуде.

Төленген түбіртекті өткіз
Айыппұлды төлеп қана қоймай, төленгені жөніндегі түбіртекті өткізу қажет екендігін тағы да естерініңізге саламыз. Осы сұрақ көп жағдайларда түсініспеушілік тудыруда.
Бұны Заң талап етеді. Салынған әкімшілік айыппұлды төлеген соң ҚР ӘҚБтК-де лауазымды тұлғаны хабардар ету жөнінде көрсетілген. Ал Заң бәрімізге ортақ. Айыппұл төленгені жөнінде түбіртекті әкімшілік практика бөліміне өткізуіңіз қажет.егер фото-видеофиксация бойынша салынған айыппұл болса, онда ӘПБ Процессингтік орталығына өткізу қажет. Екі бөлім де Жібек Жолы көшесі 22  (бұрыңғы ОблГАИ мараты) мекен жайы бойынша орналасқан.
Сонымен қатар түбіртекті пошта қызметі арқылы да жолдауға болады. Бастысы құжат уақытылы өткізілуі қажет.
Егер де айыппұл 30 күн мерзімде төленбеген немесе төленген түбіртек уақытылы өткізілмеген болса, ерікті төлеу мерзімінің өтуіне байланысты әкімшілік қаулы мәжбүрлеп орындату мақсатында жеке сот орындаушыларына жолданады. Бұл жағдайда құқық бұзушы өзіне салынған айыппұлдан бөлек жеке сот орындаушысының қызметін төлеуге міндетті болады, яғни салынған айыппұлдың 25 пайызы. Бұдан бөлек уақытылы төлемеген жағдайда басқа да жағымсыз жағдайларға тап болуыңыз мүмкін екендігін ескертеміз. Мысалы, шет елдерге шығуда және мемлекеттік қызмет көрсетуде қиындықтар туады.

14 ақпан 2019 ж. 671 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 038

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031