» » АГРОӨНЕРКӘСІПТІК КЕШЕН: ҚАРЫМ ҚАЛАЙ?

АГРОӨНЕРКӘСІПТІК КЕШЕН: ҚАРЫМ ҚАЛАЙ?


Бүгінде Қазақстанның ауыл шаруашылығы саласы қарқынды дамуда. Көшпелі халықтың қоныстанған орны кең алқапты отырықшы елге айналды. Қармақшы – аграрлы өлке. Әр жыл сайын қамбаға астық толып, оң нәтижеге қол жеткізіп келеміз. Мұның сыры жердің көлемді болуында. Әрі сол жерді ұтымды игеруімізде. Мемлекетте ауыл шаруашылығын дамытуға, ішкі нарықты қамтамасыз етіп, сыртқы нарыққа шығаруға қолайлы мүмкіндіктер қарастырылған. Елімізде 2017 жылы қабылданған "Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы" ауыл шаруашылығы саласының оң нәтиже көрсетіп, алдағы 5 жылда жоғары көрсеткішке жетуіне ықпал етуде.
Ауыл шаруашылығына серпін бермек
Агроөнеркәсіптік кешен – мем­лекет­тің экономикалық тұрғыдан дамуына үлес қосатын маңызды саланың бірі. Ол ауылшаруашылық өнімін өндіруге, әрі сол өнімді тұтынушыға жеткізуге қатысатын барлық шаруашылық саланы біріктіреді. Негізгі мақсат – халықты азық-түлікпен, өнеркәсіпті ауылшаруашылық шикізаттарымен қамтамасыз ету.
Елде қабылданған «Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасында» саланың барлық кем-кетігі мен артықшылығы талданып, алдағы 5 жылда атқарылуы тиіс шаралар жазылған.
Жалпы бағдарлама – осыған дейін салада жүзеге асырылған бағдар­лама­лардың заңды жалғасы. Неге 5 жыл? Себебі, осы уақыт аралығында орындалуы тиіс 10 мақсат қойылған. Бұл – азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қаржыландырудың қолжетімділігі, салықтық жеңілдіктер, жер және су ресурстарын тиімді пайдалану, өткізу нарығы мен экспортты дамыту, аграрлық ғылым мен АӨК субъектілерін дамыту, өндірісті техникалық жабдықтау мен жеделдету, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мен цифрландыру және ауылдық аймақтарды дамыту.
Елбасы былтыр "Төртінші өнер­кәсіп­тік революция жағдайындағы даму­дың жаңа мүмкіндіктері" атты Қазақ­стан халқына арналған Жолдауында агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға бай­ланысты тікелей тапсырма жүктеді. 5 жыл ішінде агроөнеркәсіп кешеніндегі еңбек өнімділігін және өңделген ауыл шаруашылығы өнімінің экспортын, тиі­­сінше, кем дегенде 2,5 есеге арттыруды айқындап көрсетті. Бағдарлама алдағы уақытта нысанға алған негізгі 10 мақсатты орындау үшін жұмыс істейді.
Өзгерістен нәтижеге
Бағдарламаға бірнеше өзгерістер енді. Себебі, оны жүзеге асыру барысындағы кей келеңсіз жағдайлар орын алған. Мәселен, мал басының көбеюі үшін кемі 3-4 жыл қажет. Ауыл шаруашылығы министрлігі бұл мәселені көтеріп, нәтижесінде бағдарламаны не­гіз­гі платформа есебінде қалдырып, қосым­ша ұзақмерзімді салалық бағ­дар­­­­­ламалар қабылдады. Ауыл шаруа­шы­лығы министрлігі 2021 жылы бұл бағдарламаның бірінші кезеңінің қоры­тындысы шығатынын, ал негізгі нәтиже 2027 жылы толық дайын болатынын хабарлады.
Етті ірі қара өсіру, құс шаруашылығын дамыту, өткізу нарығын қамтамасыз ету, егістік пен суармалы жерлерді дамыту, майлы, етті секторлардың экспорттық позицияларын күшейту, ал астық пен ұн бойынша Қазақстан әлемдегі ірі экспорттаушы елдердің қатарынан көрінуіне басымдық берілмек. Себебі, аз уақытта елеулі нәтижеге қол жеткізу мүмкін емес. Ауыл шаруашылығы министрлігі бағдарламаның бірінші кезеңінің қоры­тындысын 2021 жылы көре аламыз деп болжайды. Негізгі қорытынды 2027 жылы шығарылмақ. Мәселен, мал шаруа­­шылығын дамыту бойынша жылына өндірілетін еттің көлемін 1,6 млн. тоннаға дейін жеткізу міндеті қойылған.
Ілкімі қандай болмақ?
Бағдарламаға сәйкес, мал шаруашы­лығымен айналысатын 80 мыңнан аса шаруашылықты құрып, жайылымдық жер көлемін 58 млн. гектардан 100 млн. гектарға жеткізу жоспарланған. Соның арқасында ірі қара саны 15 миллионға жетсе, ұсақ малдың саны 30 миллионға көбеймек. Бұл көрсеткіштерге жету үшін бағдарлама қатысушыларына үлкен қолдау көрсетіледі: қосымша жайы­­лым­­дық жер беру, мал басын арттыру үшін фермерлік қожалықтарға жеңіл­де­тілген несие беру, қажетті құрал-жаб­дықтар мен жайылымды инфра­құры­лыммен қамтамасыз ету. 2027 жылға дейін осындай отбасылық фермалардың санын 930-ға жеткізу жоспарланған, соның арқасында елімізде жыл са­йын 1 млн. тоннадан аса сүт өндірілмек. Құс шаруашылығында да жұмыс істеп тұрған зауыттарды жаңғыртып, құс еті мен жұмыртқа өндіруді арттыру міндеті жолға қойылған.
5 жылда орындалуы тиіс
10 мақсат:
• азық-түлік қауіпсіздігін қамта­масыз ету;
• қаржыландырудың қолжетімділігі;
• салықтық жеңілдіктер;
• жер ресурстарын тиімді пайдалану;
• су ресурстарын тиімді пайдалану;
• өткізу нарығы мен экспортты дамыту;
• аграрлық ғылым мен АӨК субъектілерін дамыту;
• өндірісті техникалық жабдықтау мен жеделдету;
• мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мен цифрландыру;
• ауылдық аймақтарды дамыту.
Елбасының ұйытқы болуымен бүгінде оң нәтиже көрсетіп жатқан бұл бағдарлама еліміздің экономикасы, ауыл шаруашылығы саласы үшін маңызы зор. Аудандағы ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі былтыр 9 млрд. 940,7 млн. теңге болып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 96,6 пайызды құрады. Оның ішінде өсімдік шаруашылығы бойынша 92,6 пайыз, мал шаруашылығы бойынша 103,1 пайызға қол жеткізді. Бағдарлама барысында жоспардағы бар шаруа жүзеге асып, кей түйткілді мәселелер оң шешімін тапса қазақ халқының ертеңгі һәл-ахуалы одан әрі жақсарары анық.

Айнұр ӘЛИ,
«Қармақшы таңы».
17 қаңтар 2019 ж. 1 584 1

JeaCold от 28 ақпан 2019 00:34
Buying Isotretinoin Secure Real Overseas Fedex viagra How To Get Viagra Online

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 031

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031