» » Виза электронды форматта ресімделеді

Виза электронды форматта ресімделеді

2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Респуб­ли­касында шетелдіктерге бір реттік визаны электронды форматта алу ресімі енгізілді. Осылайша Қазақстанға келетін шетелдік азаматтарға қолайлы жағдай жасалмақ. Сонымен қатар сырттан келетін туристердің саны айтарлықтай өсуі мүмкін.

Өйткені визаны электрон­ды ресімдеу – көп шаруаны же­­ңіл­­детуге ықпал етеді. Сон­дық­тан елдегі виза берудің қол­да­ныс­тағы тәртібіне өзгерістер енгі­зіліп отыр. Электронды виза іс­керлік, туристік және емделу мақсатында Қазақстанға келе­тін шетелдік азаматтарға Ішкі істер министрлігінің көші-қон қызметі бөлімшелерінде бел­гі­ленген тәртіппен ресімделіп, қа­зақстандық тараптың шақыруы негізінде беріледі. Соның арқасында заң бұзу­шы­лық­­тың алдын алу мен азайту жұ­мыс­­тары жүйелі жүргізілетін болады.

Қолында жарамды электронды визасы бар шетелдік Қа­зақ­стан Республикасының ау­мағына тек қана Астана және Алматы қалаларындағы халық­аралық әуежайлардың бақылау пункттері арқылы кіріп-шыға алады, делінген Сыртқы істер министрлігінің сайтында. 

Нәтижесінде туристік элек­тронды визалар 117 елдің, ал іскерлік және емделу визасы 23 елдің азаматтарына беріл­мек. Бұл отандық демалыс орын­дары мен емдік-сауық­тыру орталықтары үшін де пайда әкелуі тиіс. Мұның ар­қа­сында қазақ еліне келетін шетел­діктердің саны еселеніп, туризм саласына ықпалы етуі мүмкін.  Электронды бұл құжат тек визаны алушы үшін ғана жа­рамды және онымен бірге жү­ретін тұлғаларға қолданылмай­ды. Айта кету керек, төленген консулдық алымдар қайта­рыл­майды. Виза мәселесін шешу қолайлы әдістермен шешіл­генімен оны алудағы тәртіптер қатаң сақталатыны сөзсіз. Сол себепті виза алушының ұсын­ған паспорты түпнұсқа және ие­сінікі екендігіне күмән кел­тір­мейтіндей болуы шарт. Сон­дай-ақ шетелдік азаматтың құ­жа­тында кемінде 2 таза бет болғаны жөн. Оның жарамдылық мерзімі визаның қолданылу мерзімінен бұрын немесе 3 айдан бұрын аяқталмауы керек. Осындай талапқа сай шетелдік қана электронды визаға қол жеткізбек.

Қабылдаушы тұлғалар келіп кетушілер туралы көші-қон қыз­меті органдарына олар келген күн­нен бастап үш жұмыс күні ішін­де хабарлап отыратын болады.

Ал электронды визаны ресімдеу алгоритмі мен визаны алатын елдер тізімі СІМ сайтында көрсетілген. 

Жанболат КЕНЖЕҒҰЛ,
«Егемен Қазақстан» 


04 қаңтар 2019 ж. 894 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№71 (10539)

18 қыркүйек 2026 ж.

№70 (10538)

15 қыркүйек 2026 ж.

№69 (10537)

12 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 886
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 142

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930