» » Қорқыт ата мұрасына арналған кітаптың тұсауы кесілді

Қорқыт ата мұрасына арналған кітаптың тұсауы кесілді

Бүгін Астанада «Қорқыт ата аңыздары мен күйлері» атты жаңа кітаптың тұсауы кесілді.

Кітапта Қорқыт ата туралы аңыздардан бөлек, қобызшының орындаған күйлері мен олардың тарихы баяндалған. Сондай-ақ автор Қорқыт мұрасын зерттеуші ғалымдардың еңбектерін, тарихи тұлға туралы әртүрлі тақырыпта жазылған әңгімелерді реттеп, бір жүйеге келтірген.

«Бұл еңбек кең көлемде шығарылып отырған алғашқы дүние. Туындыны жазбас бұрын бабамыздың күйлерін тереңінен зерттеуді қолға алдым. Қорқыт атаға қатысты бұл еңбектің ішінде бұрын-соңды жарық көрмеген жаңа аңыздар да бар. Мәселен, АҚШ дипломаты, тарихшы Ю.Скайлердің (Eugene Schuyler) «Turkestan: Notes of a Journey in Russian Turkestan, Khokand, Bukhara and Kuldja» кітабындағы аңызды айтуға болады. Ол кітап бүгінде Франция ұлттық кітапханасында сақтаулы. Бұл Қорқыт ата туралы Сыр бойында айтылатын аңыздардың ең алғашқы деректерінің бірі. Одан бөлек, бабамыздың 19 күйі түгел нотаға түсірілді», - деді кітаптың авторы, Қазақ ұлттық өнер университеті жанындағы Қорқыт ата ғылыми-зерттеу институты директорының орынбасары Әлқуат Қазақбаев.

Сонымен қатар бүгінгі шара барысында алғаш рет Қорқыт атаның жүріп өткен жерлері көрсетілген түрлі-түсті карта таныстырылды.

«Аталған картаның түссіз нұсқасын осыдан 2 жыл бұрын Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаевтың өзі Мырзатай Жолдасбековке тарту еткен болатын. Ол Сібірдің тарихы, этнографиясы жөнінде материалдар жинаған швед офицері Табберт фон Иоган Страленбергтің сызған географиялық картасы. 1737 жылы жасалған картада Қорқыт ата мазары белгіленген. Бұл қазіргі таңда Сыр бойында өмір сүрген Қорқыт ата туралы ең алғашқы тарихи дерек. Бүгін соның тұңғыш түрлі-түсті нұсқасы көпшілікке ұсынылып отыр», -деді ол.

Айта кетсек, «Қорқыт ата» мұрасы жуырда ғана ЮНЕСКО-ның материалдық емес мұрасына енгізілген болатын.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, бүгін Астанада «Қазақ өнерінің антологиясы» жобасы аясында «Шешендік өнер» атты екі томдық туындының, Мырзатай Жолдасбековтың «Ойтолғау» және «Қалың қазақтың қадірлісі» жаңа кітаптарының тұсауы кесілді.

syrboyi.kz

21 желтоқсан 2018 ж. 1 081 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№90 (10355)

12 қараша 2024 ж.

№89 (10354)

09 қараша 2024 ж.

№88 (10353)

05 қараша 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 115

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930