Қызылордада Қорқыт ата туралы хрестоматиялық жинақ жарыққа шығады
Қызылордада Қорқыт ата туралы хрестоматиялық жинаққа жарыққа шығады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жинақта Қорқыт ата мұрасы, ол жайында жан-жақты мағлұматтар, сол мұраның зерттелу тарихы, зерттеудің қазіргі барысы мен бұл бағытта алдағы кезеңде атқарылатын жоспарлар баяндалған.«Бұл зерттеу - Қорқыт ата мұрасын жан-жақты тану бағытындағы сүбелі еңбек. Қорқыт туралы ғалымдар 19 ғасырдан бастап жан-жақты зерттеу жүргізе бастады. Дегенмен, әлі де жарияланбаған деректер, ашылмаған құпиялар бар», - деді филология ғылымдарының докторы, профессор Бағдат Кәрібозұлы.
Жинақта Қорқыт жырларының типологиясы, текстологиясы жасалған. Алдағы уақытта ғалымдар «Қорқыт ата - әлемдік тұлға: Ақиқат пен аңыз» атты монографияны жарыққа шығаруды жоспарлап отыр
inform.kz