» » ӘЙЕЛДЕР МӘҢГІ ЖАСАСЫН

ӘЙЕЛДЕР МӘҢГІ ЖАСАСЫН

Жақында Қызылордада облыстық ауыл әйелдерінің І форумы өтіп, оған өңірде жемісті еңбек етіп жүрген белсенді әйелдер қатысты.


Айтулы шараны облыс әкімінің  орынбасары, облыстық әйелдер істері және отба­сылық-демографиялық саясат жөніндегі комис­сиясының төрағасы Руслан Рүстемов ашып, Сыр елінде аймақ дамуы мен отбасы ұйытқысы болған 35 әйел-анаға облыс әкімінің дипломын тапсырды. Олардың қатарында «Үздік білім қызметкері» номинациясымен №106 мектептің бастауыш сынып мұғалімі Гүлжанат Нұрмаханова, «Үздік медицина қызметкері» номинациясымен Жаңажол ауылдық дәрігерлік-амбулаториясының фельдшері Дәметкен Өтепб­ергенова, «Үздік фермерлік және шаруа қожалығының басшысы» номинациясымен «Ауылым Абыла» шаруа қожалығының жетекшісі Шырынкүл Күзембаева, «Үздік пошта қызметкері» номинациясымен Төребай би пошта-байланыс бекетінің бастығы Ағдагүл Исаева, «Үздік сауда және қызмет көрсету саласындағы шағын және орта бизнес басшысы» номинациясымен «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» автодәлізі бойындағы «Ақ сарай» қызмет көрсету кешенінің басшысы Губчак Рагибова бар.
Шара соңы мерекелік ән-жырмен әрленді.

Сәрсенкүл АҚКІСІ
19 желтоқсан 2018 ж. 2 010 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№72 (10540)

22 қыркүйек 2026 ж.

№71 (10539)

18 қыркүйек 2026 ж.

№70 (10538)

15 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 898
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 151

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930