» » ТАРИХТЫ ТАНУҒА МҮМКІНДІК БЕРЕДІ

ТАРИХТЫ ТАНУҒА МҮМКІНДІК БЕРЕДІ


Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы көптеген қазаққа ой салды. Санасын сергітті, жігерін нықтап, сенімін арттырды. Бұлай дейтінім, бұл мақала- оқыған әрбір қазақ баласының тарихын көз алдына келтіретін, келтіріп қана қоймай үлкен ой салатын салмақты да салиқалы ойтолғау. «Ұлы дала» деп қана қоймай қазақта киелі саналатын «жеті» санын тіркестіруінің өзі үлкен көрегендік.

Екі бөлімнен тұратын бағдарламалық мақала, «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жалғасы болып табылады. Бағдарламаны мектеп қабырғасында іске асыру жалпы педагог қауымына үлкен міндет жүктейді.

Болашақ -жастардікі. Сондықтан, елдің ертеңін өткен тарихпен ұштастыра алып, болашаққа жалғау барлық ұстаздар мен ата-аналарға жауапкершілік жүктейді.

Қорытындай келе, өз сөзімді Елбасымыздың Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақ тарихында қазақ ұялатындай ештеңе жоқ» деген сөзімен тәмамдаймын. Болашақта шәкірттеріміз сенім биігінен көрініп, тұлпар мініп ту алатын азаматтар болатынына сенімдімін.

Сәуле Әбікенова
№79 мектеп директоры
11 желтоқсан 2018 ж. 1 492 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№77 (10545)

10 қазан 2026 ж.

№76 (10544)

06 қазан 2026 ж.

№75 (10543)

02 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 014
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 242

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031