» » ЖЕҢІМПАЗ БАЛАҚАЙЛАР

ЖЕҢІМПАЗ БАЛАҚАЙЛАР

Адамның адам болып қалыптаспағы – бала кезден. Дүниедегі ең таза, ең пәк баланың санасы десек, сол сананы қалыптастыруда өнердің орны айрықша. Өнерге бет бұру, ден қою – қай сәбиді де талғампаздыққа, көпшілік арасында өзін ұстай білуге, жақсы жағынан көрсетуге, мәдениеттілікке, тәртіпті болуға тәрбиелейді. Бүгінде біздің қоғамның кішкентай мүшелері мұндай әдепті өздері тәрбиеленетін балабақшадан алып жүрген жайы бар.
Сондай бүлдіршіндеріміз – «Толғанай» бала­бақшасының тәрбиеленушілері Бексұлтан Мұхтар мен Томирис Еділ. Өнерлі балақайлар Қызылорда қаласының 200 жылдық мерекесі және республикалық «Бал бала» байқауының 10 жылдығына орай  өткен «Бал бала – 2018» облыстық сайысында үздік өнер көрсеткені үшін алғыс хатпен марапатталды.
– Балалар шығармашылығын шыңдау мақса­тында ұйымдастырылған шарада екі бірдей бүлдір­шініміздің марапатқа ие бол­уы – бізге үлкен қуаныш сыйлады. Алдағы уақытта да жүйелі жұмыс жүргізіп, балдай тәтті балаларымыздың қабілетін ашуға еңбек ете береміз, – дейді балабақшаның музыка жетекшісі Сафура Қаппарова.
С.ДАТ,
«Қармақшы таңы».
23 қараша 2018 ж. 1 241 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 (10461)

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 (10460)

02 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 043
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 712

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031