» » ЖАМАҒАТ СЕГІЗ БАЛАҒА БАСПАНА СЫЙЛАДЫ

ЖАМАҒАТ СЕГІЗ БАЛАҒА БАСПАНА СЫЙЛАДЫ

Жақында «Қазақстан» телеарнасын көріп отырып, «Харакет» қайырымдылық қорының  «100 теңге» акциясы аясында бір тұрмыс төмен отбасыға баспана алып бергені жайлы жаңалықты жария етіп жатқанын көріп, қуандым. Осындай игі істің басында жүрген  азаматтарға риза болдым. 
Жұмыстан қайтар кезім болатын. Ұялы телефоным шырылдап қоя бергені.  Алып құлағыма тосқаным сол еді. Телефоннан «Нұрбай аға, мен ғой Баконя ініңіз» деген дауыс естілді. Баконя екенін дауысынан-ақ таныдым. Аман-саулықтан соң ол «Аға біздің жамағаттың тірлігімен хабардарсыз ғой, жақында мешіт қызметкерлерімен бірге өмірден озған Төребай деген азаматтың отбасына  баспана салуды бастаған едік. Жексенбіде  біз марқұм Төребайдың балаларына баспананың кілтін тапсырамыз, келіп, шараға  қатысыңыз. Оқылар Құранға қол жайыңыз» деді. Әлбетте,  қалайша мұндай игі іске қатыспасқа!  Белгіленген уақытта марқұм Төребайдың үйіне де жеттім. Алдымен марқұм Төребай Отарханұлының рухына арнап ас беріліп, дұға жасалды. Содан соң ауданның бас имамы Жақсыбек Әбенов  сөз сөйлеп, осындай игі іс аймағымыздың барлық өңірінде істеліп жатқанын айта келе, «Халықта бардың қамы жоқ» дегендей,  жесірін жатқа бермеген, жетімін жылатпаған қазақ халқының қасиетіне тоқталды. Сондай-ақ, «Қармақшы ата» мен «Ораз ахун» мешіттерінің жамағаты, оның ішінде Берікбай, Тынысбек, Бақытбек, Нұрлан, Бекежан, Нұрбол, Ерлан, Қолқанат сынды  ақ ниетті азаматтар мен  аудан кәсіпкерлеріне және Төрбей Отарханұлының ағайындары мен ауылдастарының тындырымды істерінің арқасында осындай баспаналы болып отырған сегіз баланың анасы Гүлзираға жаңа тұрғын үйдің кілтін тапсырды.
Шара барысында еңбек ардагерлері Жақсыбай Жәкеев, Әбдірахман Құлдүйсенов, Қуандық Бекбаев, Қазақстан  Мұсылмандары Діни басқармасының «Зекет» кооперативтік қайырымдылық қорының Қызылорда облысы бойынша  өкілі Оңталап Жидебаев сөз сөйлеп, жылы лебізін білдірді, аталық ақ батасын берді.
–«Өлім айтып келмейді» дегендей, Алла Тағала  көптен денсаулығына дерт болып жабысқан аурумен өмірден ерте  қоштасқан марқұм Төребай Отарханұлының артында қамқорсыз қалған8 баласы мен жары Гүлзираға демеу көрсету мақсатында аудандық «Қармақшы ата» мен «Ораз ахун» мешіттерінің қолдауымен және аталмыш екі мешіт жамағатының ұйымдастыруымен атқарылып жатқан осындай игі іс ауданда алғаш рет ұйымдастырылуда. Сонымен бірге, бұл тұрғын үйді салуға аудан кәсіпкерлері мен марқұм Төребайдың туыстары және достары қатысты. Төрт бөлмелі тұрғын үй салынып, отын-сумен және басқа да тұрмыстық қажетті заттармен қамтамасыз етілді, – деді «Ораз ахун» мешітінің имамы Нұрболат Рахметуллаев.
– Марқұм Төребай Отарханұлының 5 баласы біздің мектепте білім алады. Олардың барлығы да озат оқушылар, мектептегі қоғамдық жұмыстарға да белсене араласады. Тәртіптері де жақсы. Бір-біріне мейірімді. Мектеп ұжымы қашанда Отархановтарға қамқорлық көмегін көрсетіп  келеді,  алдағы уақытта да көмегін көрсете береді. Бүгін біз осы отбасының жаңа тұрғын үйлі болып отырғанына куә болудамыз. Жарық та кең төрт бөлмелі баспаналы болған Отархановтар отбасы балаларының қуанышына ортақтасуға келіп отырмыз. Олардың әрбірініңбал-бұл жанған жүзінен қуаныш лебін көріп,  қуанышымды жасыра алмай тұрмын, – деді №183 орта мектептің директоры Алтынша Кенжеева.
– Артымнан ерген інім Төребай өмірден ерте кетті. Бірақ, өзі өмірден өтсе де достары, мешіт жамағаты, ағайындар оның есімін өшірмей, мына көздері жәутеңдеген кішкентай бөбектеріне қамқоры болып жатқанына куәмын. Қуанып та отырмын. Алла Тағала осындай қайырымдылық іске атсалысқан арда азаматтарға айтар алғысым шексіз. Лайымда, әрқайсысының отбасында береке мен бірлік болып, өмірлері ұзақ, дендері сау болсын, ел ықыласына бөлене берулеріне тілекшімін. Мен халқыма ризамын, – дейді көз жасына ерік берген Оразхан Отарханұлы.
Қасиетті Құран-Кәрімде Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с)  «Мал-мүліктеріңді зекеттен қорғаңдар, ауруларыңды садақамен емдеңдер және бәлеге қарсы дұға әзірлеңдер» деген екен.  Міне, әлемдегі барша мұсылман қауымына өсиет болған осы бір қасиетті ұғымды жанына серік еткен әрбір қазақ баласы өмірден өз орнын тауып, халқының алғысына бөленері анық .
Сол күні аудандық «Қармақшы ата» мешітінде  бір топ тұрмысы төмен және көпбалалы отбасыға азық-түліктен қайырымдылық көмек көрсетілді. Ауданның бас имамы Жақсыбек Әбенов оларға  жылы лебізін білдіре келе, азық-түлікке толы сөмекелер үлестірді.

Нұрбай ЖАНӘДІЛОВ,
«Қармақшы таңы».
09 қараша 2018 ж. 1 043 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031