» » Құран бағыштау рәсімі өтті

Құран бағыштау рәсімі өтті

Тұрмағамбет ауылындағы орталық тойханаға 1969 жылғы түлектердің мүшел жастан шығып, орталарынан өмірден озған құрдастарына Құран бағыштау рəсімі өтті. Құран бағыштауға арналып жайылған дастарханға ауылдың ардагерлері, мекемелер басшылары шақырылды. Бұл шараны ұйымдастырушы 1969 жылғы түлектердің атынан сөз алған Тұрмағамбет ЖШС директоры Н.Пірмантаев бүгінгі шараның жерге дəн себу күнімен тұспа-тұс келіп отырғандығын, бас қосудың мақсаты Республикамы…здың əр облысында қызмет жасап, еңбек етіп жүрген 1969 жылы туылған ауыл азаматтары елге келіп, ауылдың тұрмыс- тіршілігін көріп, үлкендерден бата алу. Бүгін сол мақсатта жиналып осы игілікті шараны ұйымдастырып жатқандарына тоқталды. Сонымен бірге ауылдағы аз қамтамасыз етілген 7 отбасына қайырымдылық шарасы ретінде түлектердің атынан сый-сияпат табыстады. Құран бағыштау рəсімі соңында ауыл ақсақалдары Б.Тұрғанов, Ж. Дəуітов, М.Алдашбаевтар игі тілектерін айтып, келешек жастар үшін тағылымы мол бұндай шаралардың ауылымызда атқарыла беруін жəне бүгінгі шаруашылығымыздың егіс егу, жерге дəн себу науқанымен тұспа- түс келуін жақсылыққа бағалап ел-халықтың ризық несібесі мол болуына тілектестіктерін білдіре отырып, 1969 жылғы түлектердің басын қосып осындай шараны ұйымдастырып отырған Тұрмағамбет ЖШС директоры 1969 жылдың түлегі Н.Пірмантаевқа алғыстарын білдірді.

30 сәуір 2018 ж. 1 852 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№32 (10297)

23 сәуір 2024 ж.

№31 (10296)

20 сәуір 2024 ж.

№30 (10295)

16 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930