» » Тележүргізуші адам болмай шықты (видео)

Тележүргізуші адам болмай шықты (видео)

Қытайдың мемлекеттік "Синхуа" ақпарат агенттігі әлемде тұңғыш рет жаңалықтар жүргізетін роботты ұсынды. Бұл туралы агенттіктің сайтында хабарланды.  Оның түр-әлпеті, мінез-құлқы адамды айнытпай салады. Жасанды интеллект арқасында ол "тірі" әріптестерінен үлгі алып, дами алады екен.  
Виртуал жүргізушінің дебюті 7 қарашада Чжэцзян провинциясындағы Интернет бойынша Дүниежүзілік конференцияда өтті. Келесі күні ол ресми түрде жұмысына кірісіп кетті. Дәл осындай екі диктор болады екен: олардың бірі ағылшын тілінде жаңалықтар оқыса, екіншісі қытай тілінде.  
Синтезделген дауыспен қатарласатын осындай роботтар арқылы агенттік телеарнаға, сайттың және ұялы құрылғыларға жаңалықтарын жылдам дайындай алады.  "Синхуа" өкілдері бұл технологияның мән-жайын әлі ұсынбады. Алайда жаңа роботтардың тәулігіне 24 сағат бойы жұмыс істей алатыны хабарланып отыр.
kaz.tengrinews.kz

09 қараша 2018 ж. 1 829 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (10537)

12 қыркүйек 2026 ж.

№68 (10536)

08 қыркүйек 2026 ж.

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 839
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 110

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930