» » Украиналық бизнесмендер жасанды ақыл-ойдың мүмкіндігін пайдалануға кірісті

Украиналық бизнесмендер жасанды ақыл-ойдың мүмкіндігін пайдалануға кірісті

Украина кәсіпкерлері чат-бот және digital жүйедегі жаңалықты бизнеспен сәтті сабақтастырып келеді.
Киевте жасанды ақыл-ойдың мол мүмкіндігін пайдалануға арналған дәстүрлі форум өтті. Онда digital-архитекторлар мен IT саласының тың жобалары ұсынылды.
Андрей Янбухтин – Киевтегі бірқатар мейрамхананың digital-архитекторы. Қазір ол бұл желінің жұмысын жеңілдету үшін бизнес пен тұтынушыларға бірдей қолайлы болатын қызмет түрін енгізіп жүр. Айталық, оның «ақылды Wi-Fi» жобасы – клиент мейрамханаға келген бойда оның сүйікті тағамдарын бірден анықтап ұсынуға мүмкіндік береді. Тұтынушымен байланыстың мінсіз болуы үшін чат-бот қызметі іске қосылған.
Андрей Янбухтин, мейрамхана желісінің digital-архитекторы
– Оны қазіргі адамның ең көп уақыт өткізетін жері мессенджер, яғни интернет желідегі хат алмасу сияқты ортада қолдану өте қолайлы. Демек тұтынушының талабын автоматтандыру арқылы оған қажетті ақпаратты жылдам ұсынуға болады. Бұл уақыт үнемдеудің тамаша үлгісі.
Чат-боттың қызметі сан алуан, бір жағынан бұл роботтың call-центр сияқты адаммен үнемі байланыста болатын мүмкіндігі бар. Екіншіден, тұтынушы тарапынан қойылған сұрақтың 70 пайызына жауап бере алады.
Александр Макаренко, чат-бот құрастырушысы:
– Терминал артық шығындардың бірі. Оның орнына бизнес өкілдері чат-ботты қолданысқа енгізуге болады. Айталық, ақшаны да чат-бот несие карточлары арқылы автоматты түрде қабылдай алады. Бизнес өкілдері өзі ұсынған бірқатар тауардың тұрақты тұтунышылары жайлы ақпарат білгісі келеді. Бұл ретте чат-бот бизнес пен адам арасындағы ақпараттық көпір бола алады.
Осылайша Украинаның бизнес өкілдері жаппай жасанды ақыл-ойдың мол мүмкіндігін пайдалануға кіріскен. Бір қызығы, IT сала, инновация, қарапайым чат-бот болсын олардың бағасы қатты қымбат емес, ең бастысы – алдыңа келген адамды тауарыңмен ғана тәнтті етпей, қызмет түрімен де қызықтырып отыру.
20 ақпан 2018 ж. 1 114 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№32 (10297)

23 сәуір 2024 ж.

№31 (10296)

20 сәуір 2024 ж.

№30 (10295)

16 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930