«QAMQOR» КӘСІПКЕРЛЕР ҮШІН
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу Комитеті әрбір кәсіпкер үшін қолжетімді көмекші болатын «Qamqor» қосымшасын әзірледі.Ол қосымшасы өзіңіздің кез келген гаджетіңізге (ұялы телефон немесе планшет) жүктеп, тіркелесіз және тексеру тағайындалған жағдайда сіздің гаджетіңізге «Сізге тексеру келеді» мәтінімен Push-хабарлама келіп түседі.Хабарламаны бассаңыз толық көрініс ашылып, онда тексеруші орган, тексерушінің аты-жөні, сондай- ақ тексерудің түрі, мәні және мерзімі көрсетіледі.
Мысалы, сізге тексерумен келді делік.Бұл ретте тексеруші 14 таңбалы тіркеу нөмері бар тексеру тағайындау туралы актіні ұсынуға міндетті.Сіз ол актінің нөмерін енгізіп, барлық қажетті ақпаратты аласыз.Егер өзге тексеруші келсе немесе тағайындау актісінде көрсетілген тексеру мерзімі өтіп кетсе онда тексеру заңсыз болып табылады.
Бұл жағдайда сіз шағымдана аласыз.Шағымды Комитеттің аумақтық органдары қарайтын болады және жағдай расталған болса, барлық мән-жайды түсіну үшін мобильді топ жіберіледі.Қосымшаны Android үшін Play-market-тен, сондай-ақ iOS құрылғыларына App-Store-дан жүктеуге болады. «Qamqor» қосымшасы тексеру процесін қосымша бақылап отыруға, сол арқылы кәсіпкерлер мен бизнесмендерді тексерушілердің заңсыз әрекеттерінен қорғауға және көмектесуге мүмкіндік береді.
Ғ.ТІЛЕУЖАН,
ҚР БП ҚСжАЕК-нің
Қызылорда облысы бойынша
Басқармасының
Қармақшы ауданы бойынша
статистигі.